2019/2020 Камералық зал VIІ маусым
«Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары» топтамасы
Концерт
«Махаббат монологтары»
(ұлы неміс композиторының 250 жылдығына)
• Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Камералық залы
• Күні мен уақыты: 26 наурыз 2020 ж. / бейсенбі / 19:00
• Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
• Жас шектеуі: 7+
• Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 7 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.
* * * * *
«Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы – Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов Л.Бетховеннің 250 жылдығына арналған концерттер топтамасын ашады. Ол неміс композиторының скрипка мен фортепианоға арналған барлық 10 сонатасын орындайды. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Салтанат Әбілханова.
Бетховеннің музыкасы – бұл қаһармандық бейнелер, симфонизм, ауқымдылық, драма дегенге үйренгенбіз... Алайда оның камералық шығармаларда көрініс тапқан басқа да қыры бар.
Бетховеннің скрипкаға арналған он сонатасында оның сүйікті қос аспабы – скрипка мен фортепиано сәтті үйлесім тапқан. Сонаталарының басым бөлігі шығармашылығының бастапқы кезеңінде жазылған. Оларды автордың ризашылығы мен үмітінің жинағы деп атауға болады: композитор оларды өзінің ұстазы Антонио Сальери мен мәртебелі қамқоршыларына арнайды. Бұл ретте XVIII ғасырдағы сыпайылық сарыны жаңа музыкалық ойлармен үндесіп, кейін Бетховен оларды фортепианолық сонаталары мен симфонияларында жүзеге асырған.
БАҒДАРЛАМА:
ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН
Скрипка мен фортепианоға арналған №1 соната, ре мажор, op.12/1
Антонио Сальериге арналған
Allegro con brio
Tema con Variazioni. Andante con moto
Rondo. Allegro
Скрипка мен фортепианоға арналған №3 соната, ми-бемоль мажор, ор.12/3
Антонио Сальериге арналған
Allegro con spirit
Adagio con molt` espressione
Rondo. Allegro molto
Скрипка мен фортепианоға арналған №5 соната, фа мажор, «Көктемгі», ор.24
Граф Мориц фон Фриске арналған
Allegro
Adagio molto espressivo
Scherzo. Allegro molto
Rondo. Allegro ma non troppo
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)
Салтанат ӘБІЛХАНОВА (фортепиано)
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады