rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

PIAZZOLLALBERDI

Иньяки Альберди – танымал аккордеоншы, педагог, заманауи музыка өнерін белсенді насихаттаушы. Ол аккордеон репертуарын кеңейту әрі насихаттау ісінде нағыз төңкеріс жасап, оны Испаниядағы және әлемдегі үлкен концерт залдарында сұранысқа ие аспапқа айналдырды.

Иньяки Альберди аккордеонда ойнау шеберлігі арқылы екі дәстүрдің басын біріктірді: туған жері Эускадидің – фольклорға бай басктар елінің дәстүрі және аккордеонды өз шығармалары үшін мәнерлі, сырлы әрі әмбебап аспап деп таныған заманауи композиторлар тобының дәстүрі.

Орындаушының Қайта өрлеу дәуірінен бастап ХХІ ғасырға дейінгі композиторлар туындыларынан тұратын ауқымды репертуары классикалық музыка үшін көпшілікке танымал әрі авангардтық әуен тамаша үйлесім тапқан жаңа перспективаны білдіреді.

Концерт бағдарламасында аргентиналық композитор, бандонеоншы әрі әрлеуші Астор Пьяццолланың музыкасы – «Буэнос-Айрестегі жылдың төрт мезгілі» және басқа да танголары шырқалады. Сонымен қатар аргентиналық авторлар Альберто Гинастера мен Федерико Хусидтің композициялары орындалмақ.

Иньяки Альберди Испаниядан келген ішекті аспаптар квартетімен бірге өнер көрсетеді.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Иньяки АЛЬБЕРДИ (аккордеон)

Алекс ГАРРОБЕ (гитара)

Энекотис МАРТИНЕС (скрипка)

Гонсало ТЕХАДА (контрабас)

БАҒДАРЛАМА:

Федерико Хусид (1973)

«Есікті ашыңыз!»

 

 

Астор Пьяццолла (1921–1992)

Ave Maria

Фугата

Милонга дель Анхель

Tanguedia

 

ҮЗІЛІС

 

Альберто Гинастера (1916–1983)

Соната I

Allegro Marcato

 

Астор Пьяццолла

«Буэнос-Айрестегі жылдың төрт мезгілі»

Жаз / Күз / Көктем / Қыс