DANCE: THE LANGUAGE OF TIME

2024 жылдың 12 желтоқсанында Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында ALEM заманауи би балетінің қорытынды концерті – «DANCE: THE LANGUAGE OF TIME» атты хореографиялық шоуымен ұсынады. Бұл жарқын әрі эмоцияға толы шоу көрермендерді уақыт әлеміне саяхатқа алып барады және би әлемін өз нақыштары арқылы танытады.

Уақыт пен би – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. ALEM осы екі құбылысты ерекше үйлесіммен ұштастырады. ALEM әртістері қозғалыс арқылы өткеннің әсерлі сезімдерін жеткізіп, қазіргі шақтың сырын ашып, болашаққа болжам жасайды.

«DANCE: THE LANGUAGE OF TIME» – бұл уақыттың біздің өмірімізге қалай әсер ететіні туралы ерекше хикая. Концерт барысында ALEM әртістері көрерменге әртүрлі дәуірлердің, шексіз мәңгіліктің бейнесін би қимылдары арқылы жеткізеді.

Ежелгі аңызға сүйенсек, жылдың он екінші айының он екі күні жиырма төрт санына тоғысқанда, өткеннің даналығы мен қазіргі заманның серпіні тоғысқан ерекше қуат пайда болады. Бұл кеште көрермендер уақыттың терең мәнін символдар арқылы сезініп, ALEM балетінің шығармашылық кеңістігінің қалай кеңейгеніне куә болады. Әртістер өздерінің жанкешті энергиясы мен шексіз құштарлығын би арқылы жеткізіп, жаңа сюжеттер мен әсерлі оқиғаларды өмірге әкеледі.

«DANCE: THE LANGUAGE OF TIME» әрбір адамды уақыт ағымындағы өзінің орнын ойлануға, өткеннің маңыздылығы мен болашақ мүмкіндіктерін түсінуге шақырады.

ALEM балетінің өнер әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз және уақыттың сиқырын бірге сезініңіз!