rebranding
тәулік бойы қолдау қызметі:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp

НАДО МНОЙ НЕБО СИНЕЕ

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» IІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

«НАДО МНОЙ НЕБО СИНЕЕ»

КСРО Халық әртісі Ермек СЕРКЕБАЕВТЫҢ

90 жылдығына арналған концерт

2016 жылы КСРО Халық әртісі, атақты әнші Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туылғанына 90 жас толады. Осы айтулы мерейтойға «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры «Надо мной небо синее...» атты концерт арнайды.

Көзінің тірісінде «Баритондар патшасы» деген атқа ие болған қазақтың әйгілі әншісі дауысы мен сахналық өнері жағынан нағыз шебер атанып, көлемді опералық және камералық репертуарымен мақтана алған. Ермек Серкебаевтың даңқын асырған Шәкен Аймановтың «Біздің мейірімді дәрігер» атты музыкалық комедиясы болды. Ол жерде әнші өзін-өзі сомдап, Александр Зацепиннің «Надо мной небо синее...» әнін орындады. Оның есімі осы жалғыз рөлдің арқасында қазақ киносының тарихына мәңгі енді.

Бағдарламада – «Қазақстанның алтын дауысы» атанған әнші репертуарынан алынған туындылар, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, аспаптық шығармалар. Концертке «Астана Опера» театрының опера әншілері, симфониялық оркестрі және хоры қатысады.

Концертке қатысушылар:

Беларусь еңбек сіңірген әртісі Анастасия Москвина (сопрано, Беларусь Үлкен театры);

Халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудряк (сопрано, Милан консерваториясының түлегі).

СОЛИСТЕР:

Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері

Майра Мұхамедқызы (сопрано), Шахимардан Әбілов (баритон)

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері

Айгүл Ниязова (сопрано), Дина Хамзина (меццо-сопрано);

Нұрлан Бекмұхамбетов, Медет Шотабаев (тенорлар);

Байғали Момбеков, Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықбаев, Азамат Жылтыркөзов (баритондар);

Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян (бас);

Халықаралық байқаулардың лауреаты Талғат Ғалеев (баритон).

 

«Астана Опера» симфониялық оркестрі және хоры

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИНОВ

Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан ДӘУІТОВ

Режиссер – Наталья КАГАДИЙ

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 50 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады