ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Душанбе
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Махаббат сусыны

Махаббат сусыны

Сипаттама

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Гаэтано Доницетти

«Махаббат сусыны»

2 бөлімді опера

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

«Астана Опера» театры Гаэтано Доницеттидің ең танымал операларының бірі «Махаббат сусынын» ұсынады.

Осынау керемет күлдіргі опера тамаша әуендерге толы. Міне, бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы ол тыңдармандардың назарын өзінде ұстауда, ал оның кейбір ариялары опера классикасының алтын қорына енген.

«Махаббат сусыны» небәрі екі апта ішінде жазылған, ал миландық «делла Каноббиана» театрындағы премьерасынан кейінгі жетістік композитордың өзін таңғалдырды, ол жауһар туынды жазып шыққанын күтпеген еді.

«Махаббат сусынында» көне опера-буффа мен классикалық романтикалық мелодрама дәстүрлері тоғысады (Немориноның «Una furtiva lagrima...» романсының операдағы ең танымал нөмір болуы кездейсоқ емес).

Елордалық театрдағы бұл спектакль көрермендерге дирижер Алан Бөрібаев пен француз режиссері Арно Бернардың қойылымында жол тартады. Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино. Солистерге дайындықты тәжірибелі вокал бойынша кеңесші Анатолий Гусев жүргізді (Италия). «Астана Опера» театрының керемет хоры да (хормейстер Ержан Дәуітов) Г.Доницеттидің күлдіргі жауһарының басты кейіпкерлеріне айналады.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы дирижер Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер Руслан БАЙМУРЗИН

Қоюшы режиссер Арно БЕРНАР

Хормейстер Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы сценограф Эцио ФРИДЖЕРИО

Костюмдер бойынша суретші Франка СКУАРЧАПИНО

Жарық бойынша суретші Якопо ПАНТАНИ

Қоюшы режиссердің ассистенті Еренбақ ТОЙКЕНОВ

Жарық бойынша суретшінің ассистенті Ұлтай ЕРДЕНБЕКОВА

Жобаның техникалық жетекшісі Виктор КАРАРЕ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    26-27 маусым, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 26
    Маусым
    Сәрс
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000
  • 27
    Маусым
    Бейс
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000