Біржанның соңғы әні
Авторы: Асқар Сүлейменов
Жанр: Драма - диалог
Сахналық нұсқа - Әлия Бөпежанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-режиссер - Әубәкір Рахимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердың ассистенті - Б.Тұрыс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші - Мұрат Сапаров
Композиторы - Бейбіт Дәлденбаев
Балетмейстер - Г.Мұхамеджанова
Режиссердің көмекшісі - Б.Әбдіков
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: +7
«Адасқақ» - көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің прозалық циклы бойынша қойылған драма-диалог.
Спектакльдің бас кейіпкері - қазақтың атақты әнші-композиторы Біржан сал Қожағұлұлы. Өмірбаяндық емес, өнербаяндық көркем қойылым оқиғалары бір күн ішінде, өң мен түс арасында өтеді. Өмірінің соңында дерт меңдеген Біржан сал. Өмір-өнер елестері. Абаймен, Ақанмен кездесулер, рух түлетер қауышулар, кетісулер... «...Өтерінде, кетерінде шыр айналды...» пәни дүниедегі өксік-өкініштер... Өнер адамының ұстанымы жайындағы көзқарастар қақтығыстары... Құмсағаты түгесіле бастап, жаны мұрнының ұшына келген Біржан сал ән-зар шығарады. Әнмен мінәжат етеді.
Ол ән-зар һәм мінәжат – «Теміртас». Қазақта теңдесі жоқ музыкалық жоқтау. Реквием...
Драма-диалог «Плач о погибшей песне» известного писателя-драматурга, лауреата Государственной премии Аскара Сулейменова написана из цикла проз.
Постановка посвящена творчеству знаменитого казахского акына и композитора Биржан-сала Кожагулулы. Мы окунемся всего лишь на краткий миг перед его кончиной, который омрачен преследованиями из прошлого, становясь свидетелями духовных терзаний и внутренней борьбы-диалогов, обращенных к Абаю и Ахану, способствующих возрождению духа и написанию песни «Темиртас». Эта песня –плач – молитва – реквием.