2017 / 2018 Камералық зал V маусым
2 маусым * сенбі * 18.00
«Романс пен опера романтикасы»
«Үйдегідей» жанға жайлы атмосферасы бар Камералық залда өтетін музыкалық кештерді романс сүйер тыңдарман қауым ерекше жақсы көреді. Танымал әртістер – «Астана Операның» солистері бейне бір саған ғана ән салып жатқандай. Ал тамаша вокалистермен ұсынылған әрбір бағдарлама – жаңа шығармалармен танысу не болмаса сүйікті вокалдық лирика жауһарларымен қуана-қуана қайта қауышу іспеттес. Концертте романстардан бөлек романтик композиторлардың операларынан ариялар мен көріністер шырқалады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)
Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано)
Нұрлан Бекмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)
Болат Есімханов, халықаралық байқаулардың лауреаты (бас)
Зынхар Ахметбек, халықаралық байқаулардың лауреаты (скрипка)
Фортепиано партиясында – Раушан Бескемпірова, халықаралық байқаулардың лауреаты
Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут
Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады