Scorpions в Алматы

Концерт «Адасқақ»

Өтетін орыны: «Казақстан» ОКЗ 

Өтетін күні: 13 желтоқсан

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Жас санаты: 7+

Қосымша: 

 

 

 

 

«Қазақконцерт» ұйымының Дәстүрлі ән бөлімі қазақ музыка мәдениетінің алыбы атанған Біржан салдың 185 жылдығына орай «Адасқақ» концертін ұсынады.

«Адасқақ» концерті 13 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Қазақстан» ОКЗ Камералық залында өтеді. Бұл кеште сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай; ҚР мәдениет қайраткері  Ерболат Шалдыбеков; халықаралық байқаулардың лауреаттары: Денисламбек Жайлаубай, Ақерке Тәжібаева, Асқар Мұқият, Нұрлытаң Ермек, Күнсұлу Түркпен, Аяулым Қамажан өнер көрсетеді.  

Кеш қонақтары: ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева, әншілер Толғанбай Сембаев пен Сержан Мұсайын.

Концертте Біржан сал, К.Әзірбаев, Ә.Жүргенбаев, М.Жүсіпұлының туындылары орындалмақ. Ұлттық рухты оятар, маңызы терең туындылар өнерсүйер қауымға рухани  азық сыйлайды.