Scorpions в Алматы

WELCOME

25 сәуір күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қайролла Жұмакенов атындағы үрлемелі оркестрі «WELCOME» атты концертіне шақырады. Филармонияның концерт залы, басталуы сағат 19:00.  

Осы кеште ұжым филармония үрлемелі оркестрінің қалыптасуы мен дамуына үлкен рөл атқарған дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әкім Мұхатжановтың жетекшілігімен өнер көрсетеді. 2001 жылы құрылған күннен бастап 17 жыл бойы Әкім Мұхатжанов үрлемелі оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетекшісі болды. Филармонияның үрлемелі оркестрі маэстроның жетекшілігімен жұмыс істеген жылдары Қазақстанның көптеген қалаларында концерттік бағдарламалармен өнер көрсетті, бірнеше рет үрлемелі оркестрлердің – «Музыкалық Сарыарқа», «Жібек жолы» және «Астана самалы» халықаралық фестивальдеріне, Новосибирск пен Екатеринбургтегі үрлемелі оркестрлердің халықаралық фестиваліне, Санкт-Петербургтегі Халықаралық Гүлдер фестиваліне, Беларуссиядағы ТМД елдері оркестрлерінің халықаралық шеруіне қатысты.