ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі

«Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі

Сипаттама

Санитарлық күн әр айдың соңғы сейсенбісі. (26 желтоқсан)

Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.

Әр айдың үшінші жексенбісінде (15 желтоқсан)

Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).

Науқан: Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.

«Шекарасыз мәдениет» акциясы аясында 2024 жылғы 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар Ұлттық музейге ТЕГІН кіреді.

2024 жылғы 5 желтоқсан пен 19 желтоқсан аралығында Қазақстан Ресубликасының Ұлттық музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Сыр өңірі Түркі өркениетінің алтын бесігі» тақырыбындағы құнды экспонаттар көрмесі өтуде.

Сыр өңірінің тарихын баяндайтын көрмеге ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы, ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар, музей қорындағы теңдесі жоқ зергерлік бұйымдар коллекциясы қойылды.

Осылайша Сыр бойындағы ежелгі өркениет іздерін, Тәуелсіздік жылдарында Шірік Рабат, Сығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Жанкент, Қышқала, Асанас қалашықтарына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі туралы көпшіліктің танып-білуіне мүмкіндік берілмек.

Көрме атауы:

«Сыр өңірі Түркі өркениетінің алтын бесігі»

Экскурсиялық бағдарлама:

Алтын залсыз шолу 30 минут

Алтын залмен шолу 45 минут

Музейді аралау ұзақтығы:

Музей аралау аясында

Жас шегі:

жоқ

Күні мен уақыты:

05/12/24 -19/12/24

Келу ережелері:

Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек.

Өзіңізбен бірге алу:

Бағасы

Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз).

7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН.

7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі.

18 жастан 22 жасқа дейін студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).

Тариф 1.

Тақырыбы: «Алтын» залдарсыз музейге келу.

*Музейге кіру бағасына жас тарифтері бойынша (Алтын залдар мен шетелдік көрмелерден басқа) тұрақты көрмелердің және уақытша көрмелердің барлық залдарына бару кіреді.

Кіру билеті

Бағасы (теңге)

Ересек

700

Студент

500

Балалар

300

Зейнеткер

300

Тариф 2.

Тақырыбы: «Алтын» залдармен музейге келу.

**Музейге кіретін билет құнына барлық тұрақты экспозиция залдарын, уақытша көрмелерді және «Алтын» залдарын тамашалау кіреді, жастық тарифтерге сәйкес (шетелдік көрмелерден басқасы).

Кіру билеті

Бағасы (теңге)

Ересек

1700

Студент

1000

Балалар

600

Зейнеткер

600

Музейге бару үшін жеңілдіктер (шетелдік көрмелерді қоспағанда, тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер залдары)

(растайтын құжаттарды ұсынған кезде)

ТЕГІН:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері,

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І-ІІ- III топ.

Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскерге шақырылғандар.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 54, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

  • Көрменің ашылуы

     

  • Ұзақтығы

    мұражайға бару аясында

  • Жұмыс кестесі

    Сейсенбі-жексенбі: 10.00 - 18.00 сағ.

  • Касса

    10.00 - 17.00 сағ.

  • Қосымша

     Техникалық күн – дүйсенбі. Барлық залдарды аралап шығуға болатын уақыт 2-ден 4 сағатқа дейін. Келуден бұрын музейдің жұмыс уақытын ескеріңіз.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 19
    Желтоқсан
    ертең
    Национальный музей РК
    Зал
    бастап 700 ₸
    бастап 300 ₸
    бастап 300 ₸