Scorpions в Алматы

Вокалды және аспаптық музыка кеші

«Ақын махаббаты» және «Әйел махаббаты мен өмірі» атты Роберт Шуманның вокалдық циклдері оның жұбайы, орындаушысы және музасы болып келетін Клара Викке арналған өзіндік музыкалық сезім арнау күнделігі. «Қандай да бір жерде сенің мақсаттарыңа қызығушылық танытатын таза жүрек бар екенін ойда ұстап, адам баласы бақытты болады... сені түсінетін адамның қолдауы мен қатысуы дүйім жұрттың көңіліне тең», − деп баяндайды композитор өз күнделігінде. Клара Виктің өзі бұл туралы: «Осындай рух пен осыншама жанды толыққанды ұғына алатын ақыл-ой мен жүрек бұйырған мен неткен бақытты едім» деп жауап қатады. 

Роберт Шуманның вокалды циклдері камералық және театрлық жанрлар арасындағы күрделі жанрлық айырмашылығын бейнелейді. Композитордың шығармалары орындаушыдан поэтикалық негізге деген терең ойды, музыкалық текстке деген аса мұқиятты талап етіп қана қоймай, өзіндік қайталанбас көзқарасымен толықтыруды да күтеді. 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Желтұрғызов пен Бибігүл Жанұзақ неміс шеберінің күрделі музыкалық толқынын арбау қолынан келетін сирек орындаушылардың бірі болып табылады. 

Қосымша: Кеш бағдарламасында Роберт Шуманмен шығарылған гобой мен фортепианоға арнаған Үш романсы қамтылған, бұл Романстар да оның өзгермес музасы Клара Викқа арнау деп саналады. Аспаптық орындауларды Роберт уман 19 ғасырдың дәстүрлеріне сай Романс деп атады. Бұл миниатюралар камералық стильмен және сазгердің неміс халық әндерімен терең байланысымен сипатталады. Романстарды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дамилия Махрипова орындайды.