rebranding

Камералық музыка кеші

2020/2021           Камералық зал           VIІІ маусым

14 наурыз * жексенбі * 18.00

 

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасы

Камералық музыка кеші

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «FORTE-TRIO» ҚР мемлекеттік триосы «Астана Операдағы» көктемгі концерттер сериясын бастайды.

Театрдың Камералық залында бірнеше маусым бойы FORTE-TRIO ұжымы аспаптық музыка тыңдаушыларын өз өнерлерімен қуантуда. Осы уақыт ішінде олар Вивальдиден бастап заманауи қазақстандық композиторларға дейінгі сан алуан бағдарламаларды ұсынды.

FORTE-TRIO-ның барлық музыканттары – танымал әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

 

Концертте FORTE-TRIO ансамблі камералық музыка жауһарларын – Людвиг ван Бетховен мен Эрнест Шоссонның фортепианоға арналған триоларын ұсынады.

 

Людвиг ван Бетховеннің фортепиано, скрипка және виолончельге арналған тұңғыш ор.70 ре мажор триосы оның осы жанрдағы ең танымал шығармаларының бірі болып табылады. Оған «Елес» триосы («Ghost») деген атау берілген. Бетховеннің шәкірті Карл Черни трионың баяу орындалатын минорлы бөлігін шекспирлік Гамлеттің өз әкесінің рухымен кездесетін көрінісіне балайды. Алайда музыканың Гамлетке емес, Макбетке қатысы бар. 1808 жылы Бетховен «Макбет» операсын жазған және аяқталмаған осынау шығарманың музыкалық идеялары Трионың баяу бөлігінен көрініс тапқан.

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы француз композиторы Эрнест Шоссонның Фортепиано, скрипка мен виолончельге арналған триосы (ор.3) – автордың тырнақалды шығармаларының бірі. Трио жалынды, құштарлыққа толы сезім білдіруден бастап үміт үзілген қайғылы сәттерге дейінгі адам күйзелісінің кең ауқымын паш етеді. Музыкалық тұрғыдан алғанда, онда И.Брамстың стиліне жақындық байқалады. Шығарма бойы композитор үш аспапты кезекпен алдыңғы шепке шығарып, шарықтау шегінде әрқайсысын біртұтас аспап ретінде қабылдауға мәжбүрлей отырып, үшеуінің таңғажайып дыбысталу үйлесімділігіне қол жеткізген.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Л. Бетховен. Фортепианоға арналған трио, op.70 n.1 («Ghost»)

Э. Шоссон. Фортепианоға арналған трио, соль минор, op.3

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«FORTE-TRIO» ҚР мемлекеттік триосы, құрамы:

Тимур УРМАНЧЕЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Қаламқас ЖҰМАБАЕВА (скрипка)

Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады