ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
БАЛЕТ КЕШІ: М.Фокиннің  «ШЕХЕРАЗАДА» балеті; ПРЕМЬЕРА NOMAD BALLET

БАЛЕТ КЕШІ: М.Фокиннің «ШЕХЕРАЗАДА» балеті; ПРЕМЬЕРА NOMAD BALLET

Сипаттама

БАЛЕТ КЕШІ

Екі бөлімді

М.Фокиннің

«ШЕХЕРАЗАДА» балеті

***

ПРЕМЬЕРА

NOMAD BALLET

Ұзақтығы 1 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Екі бөлімнен тұратын бағдарламада Н.Римский-Корсаковтың музыкасына М.Фокиннің «Шехеразада» бір бөлімді балеті және Nomad Ballet премьерасы «Астана Опера» театры әртістерінің орындауында ұсынылады.

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі.

I бөлім

«ШЕХЕРАЗАДА»

Н.Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған бір бөлімді хореографиялық драма

«Мың бір түн» араб ертегілерінің желісімен сценарий жазған Михаил Фокин

Хореография авторы Михаил Фокин (1910). Реконструкция авторы Андрис Лиепа

Декорациялар мен костюмдер Лев Бакст эскиздері негізінде жасалған

Сарайда іші пысып, жабырқаулы күйде отырған сұлтан Шахриарды күңдер мен сүйген жары Зобеида жұбатып, көңілін аулауда. Сұлтанның інісі Шахезман да осы жерде, сүйікті жұбайының опасыздығынан кейін ол әйелдерге деген сенімін жоғалтқан. Жеңгелеріне де сене қоймаған ол ағасына олардың адалдығын сынап көру жайлы ұсыныс тастайды. Аң аулауға аттанған екеуін әйелдері көңілдері босап, шығарып салады. Алайда үй қожайындары кете салысымен, әйелдері белсіздер басшысын алдап-сулап, гарем есігін ашқызады. Қара нәсілді құлдар ішке кіріп, арсыз жын-ойнақ басталады. Мұнда билік етуші Зобеида да өзінің сүйікті Құлымен көңіл көтеруде. «Сауық-сайран» қыза түскенде ағалы-інілі сұлтандар қайтып оралады. Шахезман сөзінің расталғанына қуануда, ал қаһарланған Шахриар осы жердегінің бәрін өлтіруге бұйрық береді. Сұлтанның қызметшілері күңдерді, белсіздер мен қара нәсілді құлдарды қылыштарымен жайратып тастайды. Шахриардың өзінен артық сенетін жұбайы Зобеида патшаға деген ықпалын қолданып, оның көңілін жұмсартуға тырысады. Сұлтан болса, оны өлімге қия алар емес. Бірақ зұлым інісі жек көрушілікпен Зобеиданың қылышпен шабылған көңілдесін нұсқайды. Шахриар жендеттерге белгі берген сәтте, әйелі сұлтанның қолындағы қанжарды алып, өз-өзіне қол жұмсап үлгереді. Шахриар опасыз болса да сүйікті жарының өлі денесіне қарап, егіле жылайды.

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы хореограф Андрис Лиепа, Ресейдің Халық әртісі

Дирижер Арман Оразғалиев

Қоюшы хореографтың ассистенті Светлана Романова

Қоюшы суретші Анатолий Нежный

Костюмдер бойынша суретші Елена Нецветаева-Долгалева

Жарық бойынша суретші Виталий Давыдкин

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

* * * * * *

II бөлім

Nomad Ballet

Nomad Ballet бағдарламасында Патрик де Бана, Анвара Садықова, Сұлтанбек Ғұмар сынды заманауи қазақстандық және шетелдік қоюшылардың ұлттық хореографиялық миниатюралары қамтылған. Сондай-ақ «Тұран» этно-фольклорлық тобының музыкасына Алмат Шәмшиевтің «Дем» хореографиялық миниатюрасының премьерасы өтеді.

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ

АУДИОЖАЗБАМЕН ӨТЕДІ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)   

  • Күні

    15 желтоқсан 2024

  • Уақыты

    17:00

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

      Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз