ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
БАЛЕТ КЕШІ
Freedom SuperApp қолданбасында төлеңіз – картаңызға кешбэк алыңыз
13% кешбэк

БАЛЕТ КЕШІ

Сипаттама

БАЛЕТ КЕШІ

екі бөлімді

Ф. Шопеннің музыкасына М. Фокиннің хореографиясындағы «Шопениана»

* * *

В.А.Моцарттың музыкасына Иржи Килианның хореографиясындағы «Кіші өлім» және «Алты би» бір актілі балеттері

«Астана Операның» балет әртістері театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындайды.

Дирижер Элмар БӨРІБАЕВ

Балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі

* * *

«ШОПЕНИАНА»

(Ф.Шопеннің музыкасына қойылған бір бөлімді балет)

Хореография авторы Михаил Фокин

Қайта жаңғыртушы Агриппина Ваганова (1931)

Декорациялар мен костюмдер Александр Бенуа, Орест Аллегри эскиздерінің негізінде

Қоюшы балетмейстер Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Елена Шерстнева

Сценография Виктор Караре

Костюмдер бойынша суретші Арасель Досмұратова

Жарық бойынша суретші Винченцо Рапони

1908 жылы Михаил Фокин «бұрын ұмыт болған дәуір үлгісінде» сюжетсіз нұсқа шығарған, яғни оның айтуы бойынша «балет өнерінде поэзия үстемдік құрған уақыт, ал биші қыз балеттік аяқ-киімін (пуанты) болаттай мықты ұшын көрсету үшін кимеген, керісінше аяқ

ұшын жерге тигізбестен, өзінің биі арқылы жеңілдік, қандай да бір ғажайып, керемет дүниені жасаған... Мен жаңашылдықпен таң қалдырғым келмейді, дегенмен шартты балет биін оның асқақ даму кезеңіне қайтаруға тырыстым. Балеттің негізін салушылар қалай билегенін білмеймін. Оны ешкім де білмейді. Бірақ менің арманымда олар дәл осылай билеген сияқты».

Шопен музыкасына үндес өткінші елестен құралып, хореографтың суреттеген барлық сюитасы өзінің терең ойлы сұлулығымен көрерменді баурап алады.

* * *

В.А.Моцарттың музыкасына Иржи Килианның хореографиясындағы бір бөлімді балеттер

«КІШІ ӨЛІМ»

Қойылым концепциясы, хореография, сценография Иржи Килиан

Хореографтың ассистенті Стефан Жеромски

Костюмдер дизайны Йоуке Виссер

Жарық дизайны Иржи Килиан

Жарық дизайнын іске асыру Юп Каборт

Жарық бойынша суретші және қойылым бөлігінің меңгерушісі Юст Бигелар

Фортепиано партиясы Долорес Умбеталиева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Кіші өлім» балеті 1991 жылы В.А.Моцарттың қайтыс болғанына 200 жыл толуына орай Зальцбург фестиваліндегі көрсетілім үшін В.А.Моцарттың музыкасына (екі фортепианолық концерттің баяу бөліктеріне) құрылған.

«Кіші өлім» атауының мәні терең әрі ауыспалы мағынаға ие (метафоралық). «Кіші өлім» деп француздар тәндік ләззаттың шарықтау шегін атайды, алайда Килианды бейкүнә жанасудан бастап, денелердің құмарлықпен шырмалуына дейінгі махаббат қатынастарының көптүрлілігі әсерлендіреді.

Көпішілікке арналған медитациялық композициялардан туындаған алты адажио керемет музыкалық негіз бен нәзік пластиканың таңғажайып қосылысынан туған жауһар. Денелер серіктестердің жанасуына және музыканың тынысына мойынсұнады, махаббат дуэльдері сызық желілерінің күрделі графикасымен сызылған.

Мұнда махаббат пен ажал қол ұстасып өтеді. Балетті алты әйел мен алты ер адам орындайды. Биші ерлердің қолдарында біресе өткір рапиралар, біресе жалаңаш әйел денелері. «Кіші өлімдегі» дуэттер сезімталдыққа толы, алайда Иржи Килиан бұл ретте тәндік махаббат тақырыбына басымдық бермейді: керісінше, оның хореографиясының таңғажайып жарасымдылығы дуэттердің көзге анық көрініп тұрған тартымдылығының заттылығын, ал эротизмнің өзінің бірмәнділігін жоғалтуына әкеледі. Килианның осы балетін сыншылардың «үздік үлгідегі махаббат лирикасы» деп атауы кездейсоқтық емес.

* * *

«АЛТЫ БИ»

Хореограф Иржи Килиан

Хореографтың ассистенті Ширли Эссебум

Сценография мен костюмдер Иржи Килиан

Жарық Иржи Килиан (концепция)

Жарық дизайнын іске асыру Юп Каборт

Жарық бойынша суретші және қойылым бөлігінің меңгерушісі Йост Бигелар

«Алты би» балетін Иржи Килиан 1986 жылы барша әлем Вольфганг Амадей Моцарттың 230 жылдығын атап өтіп жатқан кезеңде шығарған. Бұл хореографтың «Ақ-қара балеттер» деп аталатын топтамасына енетін ең танымал комедиялық балеттердің бірі болса керек (ең алдымен, безендірілудің қысқа да нұсқа түстер гаммасы ойға келеді). Сол сәттен бастап осы туынды сұранысқа ие қойылымдар қатарында.Иржи Килианның классикалық «қағида» аясынан алшақтаған өзіндік айрықша мәнері бар. Ол дененің физикалық мүмкіндіктерінен гөрі адам болмысының тереңдігін зерттейтін хореограф-философ беделіне ие және таңғаларлық музыкалық қабілетімен даңқы шықты (Рудольф Нуреевтің айтуынша, оның «құлағы алтын», себебі ол кез келген музыкадан қимыл-қозғалысты, биді естиді). Бүгінде заманауи балеттің чехиялық кемеңгері, би әлеміндегі Пикассо Иржи Килианның би композицияларын сахналау құқығына ие болу үшін әлемнің көптеген елдері таласқа түсуде.

«Моцарт өзінің «Алты биін» жазған кез бен біздің заманымызды екі ғасыр бөліп тұр. Бұл соғыстар, көтерілістер және түрлі әлеуметтік күйзелістерге толы тарихтың елеулі бір аралығы. Осыны ескере отырып, мен композитордың әзіл-сықағы мен музыкалық әсемдігін ғана бейнелейтін қандай да бір би нөмірлерінің қатарын жасау дұрыс емес деп есептедім де, мұның орнына бір қарағанда мәнсіз болып көрінетін әрі айналамыздағы болмысқа сәйкес келмейтіні айдан анық алты композицияны қойдым.Сондай күрделі де тынымсыз бола тұра, түсініксіз себептермен әрқайсымыздың жан дүниемізден орын алған әлемнің алдында олар өте кішкентай болып көрінеді.

Әйтсе де, Моцарттың «Алты биінің» ойын-сауық жағы кең танымалдыққа ие болғанымен, оларды әзілге теңестірудің қажеті жоқ. Шығарманың әжуалығы құндылықтарымыздың салыстырмалылығына нұсқайтын құрал ретінде пайдаланылған».

Иржи Килиан

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    1-2 ақпан 2025

  • Уақыты

    17: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 50 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Жас шектеуі 10 екенін ескеруіңізді сұраймыз+Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 1
    Ақпан
    Сенб
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸
  • 2
    Ақпан
    Жекс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸