rebranding

Қыстың жылы тынысы

Тёплое дыхание зимыӨтетін орны: Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.

Күні мен уақыты: 11 желтоқсан, 17: 00

Әртістер: Тимур Урманчеев (фортепиано), Максат Джусупов (скрипка), Мурат Нарбеков (виолончель), Акбопе Мухамеджан (партия альта) , Айгерим Аманжолова (сопрано).   

Жанр: классикалық музыка

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут 

Жас шектеуі: +7 жас

 

 

 

 

Бикеш Марияның бейнесі бір ғасырдан астам уақыт бойы сананы баурап алды, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Тициан және басқа да жасампаздар керемет рухани сұлулыққа толы әйгілі туындыларды жарыққа шығарды. Христиан канондық «Ave Maria, gratia plena, Dominus tecum» («Радуйся, Благодатная, Господь с Тобою») мәтіні де әртүрлі дәуірлер мен ұлттық мектептер композиторларының қызығушылығын тудырды. Барлық уақытта бұл дұға ерекше толқытып, теңдесі жоқ музыкалық жауһарлардың шығуына шабыттандырды. 

Көрермендер бұл кештен нәзіктік пен үміт, татуласу және кешіру тақырыбының музыкада жүзеге асуының түрлі нұсқаларын тыңдап, салыстыруға мүмкіндік алады. «Ave Maria» бағдарламасында Джулио Каччини, Луиджи Луцци және Пьетро Масканидің шығармалары бар. Сонымен қатар кеш барысында Вена композиторлық мектебінің ірі өкілдері – Людвиг ван Бетховеннің «Gassenhauer» № 4 фортепианолық триосы мен Вольфганг Амадей Моцарттың №1 фортепианолық квартеті орындалады.          

Концерттің жеке орындаушысы – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Әйгерім Аманжолова (сопрано). Альт партиясын халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ақбөпе Мұхамеджан орындайды.

Қазақстан Республикасының «FORTE TRIO» Мемлекеттік триосы – Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге шетелде де кеңінен танылған камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі. «FORTE TRIO» – 2013 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Тимур Урманчеев (фортепиано) құрған бірегей ансамбль. Ол үш аспапты - фортепиано, скрипка және виолончельді біріктірді. Бұрынсоңды Қазақстанда мұндай құраммен ұжымдар болған емес. Ұжым құрамында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты Мұрат Нарбеков (виолончель) пен халықаралық байқаулардың лауреаты Мақсат Жүсіпов (скрипка) бар.

«FORTE TRIO» репертуары музыкалық шығармалардың барокко музыкасынан джазға, классикалық шығармалардан заманауи композицияларға дейін кең ауқымды қамтиды. Талантты музыканттар өздерінің концерттік бағдарламаларында әлемдік музыка мәдениетінің көрнекті жауһарларымен көпшілікті таныстыра отырып, орындаушылық өнердің биігіне бет бұрады. «FORTE TRIO» қазақстандық өнерді әлемнің ең беделді алаңдарында ұсынып отырады, көптеген халықаралық музыка фестивальдеріне өнер көрсетеді. Музыканттар жақында ғана Бразилияның төрт ірі қаласын қамтыған ауқымды гастрольдік сапардан оралды.