Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
98 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Турандот

Джакомо Пуччини

«Турандот»

3 бөлімді опера

 

•           Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Үлкен залы

•           Күні мен уақыты: 19 сәуір 2020 ж.  /  жексенбі  18:00

•           Ұзақтығы: 2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)

•           Жас шектеуі: 10+

•           Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 10 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

 

* * * * *

 

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Джузеппе Акуавива (Италия)

Қоюшы режиссер – Давиде Ливермор (Италия)

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони (Италия)

Проекциялар бойынша дизайнер – Карло Каморали («D-wok» компаниясы)

Қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

 

Опера либреттосының негізінде ХІІ ғасырдағы парсы поэзиясының классигі Низамидің ХVIII ғасырдағы парсы ертегілерінің еуропалық жинағына енген поэмасы жатыр, оны бұл топтамадан итальяндық драматург Карло Гоцци өзінің «театрға арналған ертегілеріне» алған еді. Либретто авторлары Джузеппе Адами мен Ренато Симони.

Оқиғалар желісі шытырманға толы: айла-шарғысы мол Турандот ханшайым үш жұмбақ жасырып, жауабын тапқан жанға жар болуға уәде береді, ал жеңіліс тапқанға бір ғана жұбаныш – өлім болмақ. Калаф ханзада қайткен күнде де Турандоттың жүрегін жаулауға бел буады...

Жетекші еуропалық сахналар мен туған Италия театрларындағы 22 жылдық еңбек жолында қоюшы режиссер, сценограф, костюмдер бойынша суретші, жарық бойынша суретші және өзге де театралдық мамандықтарды жетік меңгерген режиссер Давиде Ливермор шым-шытырманның түйінін шешеді. Ол атақты орындаушылармен, атап айтқанда Лучано Паваротти, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Мирелла Френимен, әйгілі режиссерлер – Лука Ронкони, Андрей Тарковский және Чжан Имоумен, сондай-ақ әлемдік жұлдыз – маэстро Зубин Метамен бірге жұмыс жасаған.

 

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады