Тоска

2022 / 2023                 Үлкен зал                  Х маусым

28 наурыз * сейсенбі * 19.00

29 наурыз * сәрсенбі * 19.00

 

 

Джакомо Пуччини

«Тоска»

3 бөлімді опера

 

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы режиссер – Лука РОНКОНИ

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қойылым үйлестірушісі – Лоренца КАНТИНИ

Қоюшы суретші – Маргерита ПАЛЛИ

Костюмдер бойынша суретші – Вера МАРЗОТ

Жарық бойынша суретші – Джанни МАНТОВАНИНИ

Хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердің ассистенті – Еренбақ ТОЙКЕНОВ

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным АХМЕТОВА

 

Джакомо Пуччини – ірі итальяндық опера композиторы, «Манон Леско», «Мадам Баттерфляй», «Богема», «Турандот» сияқты танымал опералардың авторы… Әлем театрларында жиі орындалатын опералардың бірі – «Тоска» саналады.

Барлық операларда, драматизм мен трагизмге толы сюжеттеріне қарамастан, Пуччини адамдар арасындағы махаббат сезіміне, абырой мен адалдыққа басымдылық береді. Оның операларында негізгі орынға әйел бейнесі ие. Пуччинидің басты кейіпкерлері – жарқын, нәзік және жиі әлсіз болмысты.

Әйгілі итальян әншісі Тоска басқалардан бөлек, Италияның патриоты – қаһарлы батыл-романтикалық бейне. Тіпті өлім мен қайғыға толы көріністерде, Пуччини өз кейіпкерінің биік рухын көрсетуге тырысады.

«Тоска» операсын Пуччини француз драматургы В. Сардудың драматизм мен бостандық сүйгіш шаттыққа толы пьесасының сюжетіне жазды. Пуччини әнші Флория Тоска мен суретші Марио Каварадоссидің қайғылы махаббаттарын суреттейтін ашық мәнді шығарма дүниеге әкелді. Опера барысы аласапыран заманда, 1800 жылғы тарихи оқиға аясында өрбиді: Италияға Наполеон әскерінің басып кіруі және Республиканың бекуі... Ғашықтар қатал заманның, азап пен түрменің, өлім жазасының құрбандары болады… Саясаттан алыс адамдар – оның еріксіз қатысушысына айналады…

1900 жылдың 14 қаңтарында өткен «Тоска» операсының тұсаукесері айтарлықтай табысты болмады. Бірақ, жылдар өте келе «Тоска» көрермендердің махаббатына ие болды.

Бүгінде «Тоска» түрлі елдердің ең танымал театрлары сахнасында сәтті қойылуда, ал оған билеттер құлшыныспен сатып алынады.

«Тосканың» танымалдығы мен өзектілігінің құпиясы неде? Бұл сұраққа жауапты астаналық сахнада «Тоска» операсын көру бақытына ие болғаннан кейін білетін боласыздар.

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады