Тұсаукесер! «Тамбов қазынашысы»

2024 жылы көрнекті орыс ақыны, прозашы және драматург Михаил Юрьевич Лермонтовтың 210 жылдығы атап өтіледі. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның халық әртісі, РФ Достық Орденінің иегері Сергей Матвеевтің «Тамбов қазынашысы» атты моноспектаклі, М.Ю. Лермонтовтың аттас туындысы бойынша провинциялық тұрмыс туралы баяндайды; сюжеттің негізінде XIX ғасырда тамбовтық қазынашы өзінің жұбайын картаға ұттырып алғанын баяндайтын ирониялық оқиға жатыр.

Баяндаудың жарқын жеңілдігі, кейде күлкілі, кейде салмақты авторлық ескертулер мен болған оқиғаның шебер түрде кезектесуі; поэма авторы адамды затқа айналдыра отырып, өмір сүрудің адамгершілік негіздерін жоятын, тұлғаны құнсыздандыратын күнделікті өмірдің драмасын көрсете білді.