«SOLO»

«SOLO»

Өтетін орны: Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.

Премьера күні: 28, наурыз, 2023 жыл

Жанр: спектакль

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

«SOLO» заманауи эксперименталды пластикалық дивертисмент қойылымының философиялық негізі, оның идеялық мазмұны мен режиссерлік іске асырылуы «ALEM» заманауи хореография балетінің көркемдік жетекшісі Бақыт Тажиновтың еңбегі. Эксперименттік хореография стиліндегі би нөмірлері заманауи композиторлардың музыкасымен сүйемелденеді. «ALEM» заманауи хореография балетінің әртістері пластика, икемділік, тонус және музыканың ерекше сезінуді талап ететін – «іштей сезіну арқылы» билей алатын бірегей техниканы меңгергенін көрсетеді. Қойылымның ерекшелігі – оған филармонияның басқа шығармашылық ұжымдарының аспапшы-музыканттары мен шақырылған балет әртістерінің қатысуы. Солардың бірі – Петропавл қаласынан келген ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған «Sensitive» би театрының солисі Даниял Кангожин. Осындай бірлескен қойылым Е. Рахмадиев атындағы МАФ балет әртістері үшін алғашқы инклюзивті тәжірибе болмақ. Қойылымның қоюшы-балетмейстерлері – Ұлан Изенаев пен Жанна Сейітова, балеттен репетитор – Жанат Сәрсембаев. Шақырылған қоюшы-балетмейстерлер – «Sensitive» би театрының бас балетмейстері Ольга Ростовщикова (Петропавл), ҚР Ұлттық ұланы Ән және би ансамблінің көркемдік жетекшісі және қоюшы-хореографы Гүлмира Рашева (Астана).

Астанадағы премьерадан кейін пластикалық дивертисмент қойылымы гастрольдік сапарға шығады. 30 наурызда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залының сахнасында «SOLO» қойылымын Көкшетау халқы тамашалайды. 31 наурызда өнерпаздар Петропавлда Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында өнер көрсетуі жоспарлануда.

«Alem» заманауи хореграфия балетінің құрамында күрделі хореографиялық тапсырмаларды орындай алатын кәсіби бишілер жұмыс істейді. Олардың шеберлігі актерлік дарындылықпен, орындау мәнерлілігімен толықтырылады. Әртістер өз концерттерінде хореографиялық өнердің байлығы мен сұлулығын көрсете отырып, классикадан модернге дейінгі сан алуан би стильдерін меңгерген.