Оғаш сезім
Сипаттама
«Оғаш сезім» - бұл жасы келген адамдар туралы нәзік, күлкіге толы оқиға. Өздерінің жүрек сыңарларынан айырылған және бір-бірінің бойында кезінде болған махаббат сезімдерін қайта оятуға ұмтылған адамдар туралы оқиға. Өлімді алдау, махаббатты алдау, отбасылық дастархандар, бала-шағамен бас қосып жиналу, таңғы лебіз бен кешкі ұрыстарға толы отбасылық, тұрмыстық өмірді қайтаруға деген ұмтылыс.
Махаббатсыз өмір мағынасыз, мәнсіз сезіледі. Бұл мәселенің шын мәнін тек жылдар өте келе түсінеді екенсің, қойылымның бас назары осы ойда шоғырланған. Оқиғаның бас кейіпкері Герман, жасы келген, жалғыз басты еркек, өзінің марқұм болған досының әйелі Кристанаға үйленуге ұсыныс жасайды. Бір қарағанда бұл іс өте оңай көрінеді. Екі басы бос, жасы келген адамдардың екі басы неге бір болмасқа? Алайда ой-сананың желегіне салып көріп, үйреншікті тұрмысты кенеттен өзгерту оңайшылыққа түспейтінін әрқайсысы аңғарады екен.
«Бұл оқиға барлық тыңдарман мен көрерменнің жүрегіне жақын деген үміт бар, себебі оқиға желісіне махаббат, қартаю, балалармен қарым-қатынас туралы жан-жақты тақырыптар көтеріледі. Менің пьесам ғашықтық пен пәк сезім, сенімге ұмтылған әрбір жүрекке үміт шоғын сыйлайды деп ойлаймын», - деп жазды Ричард Баэр.
Актерлер:
Кристина - Наталья Косенко, ҚР еңбек сіңірген әртісі, РФ Достық орденінің иегері
Герман - Сергей Матвеев, Қырғыз Республикасының халық әртісі, РФ Достық орденінің иегері
басқа рөлдерде: Дмитрий Маштаков, Александр Лукашевич
Өтеін орны
МТЮЗ сахнасы, Омаров көшесі, 47 б
Автор
Р. Баэр
Премьера күні
31 қаңтар 2014 ж.
Қоюшы режиссёр
Б. Парманов
Жанр
мелодрама
Ұзақтығы
1 үзіліспен 1 сағат 50 минут
Жас санаты
16+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 11ҚаңтарСенбТеатр драмы им. Горького (Астана)Большой залбастап 3000 ₸бастап 2000 ₸