rebranding

Үш ғасыр жауһарлары

Концерт

«Үш ғасыр жауһарлары»

Бағдарламада үш дәуірдің ағымын көрсететін веналық классик Йозеф Гайнднан бастап «танго нуэво» стилінің негізін салушы аргентиналық Астор Пьяццоллаға дейінгі композиторлардың шығармалары орындалады.

«Астана Опера» Камералық залының сахнасында алғаш рет Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, профессор Гүлжәмиля Қадырбекова (фортепиано) өнер көрсетеді. Сонымен қатар концертке танымал музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Асқар Дүйсенбаев (скрипка), Мұса Керімбаев (виолончель), Майа Сепп (фортепиано) қатысады.

 

Гүлжәмиля ҚАДЫРБЕКОВА П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және тағылымдама-ассистентураны профессор, РКФСР еңбек сіңірген әртісі Г.Б.Аксельрод сыныбында тамамдаған. Италияда өткен Виотти атындағы ХХХІ Халықаралық байқаудың бірінші сыйлық лауреаты.

40 жылға жуық педагогикалық, концерттік-орындаушылық және музыкалық-қоғамдық қызметпен сәтті айналасуда. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы фортепиано кафедрасының профессоры. 100-ден астам шәкірті, соның ішінде халықаралық байқаулардың 20 лауреаты Қазақстан мен шетелде жемісті жұмыс атқаруда.

П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жас пианистер байқауын қоса (Астана, 2017), көптеген республикалық және мәртебелі халықаралық пианистер байқауларының әділқазы мүшесі.

Жыл сайын Қазақстан мен шетелде шеберлік сабақтарын өткізеді. Асқан музыкалық мәдениеті, шыңдалған шеберлігі, орындаушылық мәнерінің асылы, таңғажайып әртістік сиқыры, сахнадағы жігерлігі – осы қасиеттердің барлығы пианистке кең танымалдылық әкелді.

Дм.Китаенко басқаруымен Мәскеу филармониясының Симфониялық оркестрі, О.Балан жетекшілігімен Румыния мемлекеттік оркестрі, Грузия филармониялық оркестрі, Т.Мыңбаев, Т.Әбдірашев, Г.Дугашев, Қ.Ахметов, В.Папян жетекшілігіндегі ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сынды танымал ұжымдар және дирижерлермен бірге өнер көрсетеді. Оның концерттері Мәскеу, Санкт-Петербург, Рим, Турин, Вена, Париж, Анкара, Ыстамбұл, Будапешт және т.б. қалалардың ең үздік сахналарында орасан зор жетістікпен өтті.

 

Бағдарлама:

Й.Гайдн. Фортепиано триосы, соль мажор, №39

С.Рахманинов. Элегиялық трио №1, соль минор

А.Пьяццолла. «Буэнос-Айростағы жыл мезгілдері»

С.Прокофьев – М.Плетнёв. «Күлшеқыз» балетінен сюита, ор.87, екі фортепианоға арналған.

 

 

Ұзақтығы  – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция  орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады