
РЕКВИЕМ
Сипаттама
Балнұр Қыдырбек
РЕКВИЕМ
Ұзақтығы 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
27 сәуірде «Астана Опера» театрының Үлкен залында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбектің Реквиемі шырқалады.
Балнұр Қыдырбек өзіне тән қайталанбас стилімен әрі жалпыға түсінікті тілімен ерекшеленетін 500-ден астам музыкалық шығарманың авторы. Композитордың шығармашылығы сан қырлы жанрымен ерекшеленеді: «Қалқаман Мамыр» опера-балеті, «Жанұран» мюзиклі, балаларға арналған шығармалар («Қарлығаштың құйрығы неге айыр» балеті), труба мен оркестрге арналған концерт, симфониялық поэмалар, кантаталар, увертюралар, оркестрлік сюиталар, сондай-ақ кино мен театрға арналған музыка, эстрадалық әндер, қазақ халық әндерін өңдеулер және т.б.
Б.Қыдырбектің Реквиемі қазақстандық музыка өнерінің тарихында осы жанрда жазылған тұңғыш туынды 2014 жылы ол әдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына лайық деп танылды.
Реквиемнің негізгі арқауы бірлік, бейбітшілік, рухани келісім мен төзімділік. Туындының тағы бір айтар ойы ұрпақтар сабақтастығы, заманалар жалғастығы, отанға қызмет етудің асқақ мұраты. Бір әулеттің алты буынының мысалы арқылы «халық тәуелсіздігі» атты ұлы идеяның 250 жыл бойы ұрпақтан-ұрпаққа қалай берілетіні көрсетілген.
Тыңдармандарда ұрпақтар тағдыры мен ел болашағы туралы толғанатын замандас шығармашылығын лайықты бағалауға тамаша мүмкіндік бар.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Артур ҒАБДИЕВ (тенор)
Алтынбек ӘБІЛДА (баритон)
Гүлжанат САПАҚОВА (меццо)
Гүлдана АЛДАДОСОВА (сопрано)
«Астана Опера» опера солистері, хоры және симфониялық оркестрі
Дирижер Қазақстанның халық әртісі Абзал МҰХИТДИН
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)
Күні
27 сәуір 2025 жыл
Уақыты
19: 00
Ұзақтығы
1 сағат 20 минут
Жас шектеуі
10+
Жанр
концерт
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 27СәуірЖексAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸