Бұршақ үстіндегі ханшайым

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

Николай Макаревич

«БҰРШАҚ ҮСТІНДЕГІ ХАНШАЙЫМ»

Балаларға арналған мюзикл

Орыс тілінде орындалады

Премьерасы 2022 жылғы 17 желтоқсанда өтті

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Композитор және дирижер: Николай Макаревич (Беларусь)

Қоюшы режиссёр: Евгения Пермякова

Сценография және костюмдер: Анна Сорокина (Сочи, Ресей)

«Бұршақ үстіндегі ханшайым» – Г.Х.Андерсеннің бала атаулының бәріне жақсы таныс ертегісі. Оның негізгі ойы – алғашқы әсер алдамшы болуы мүмкін, ал бақыт көп жағдайда өзі есік қағады. Шытырманға толы, қызықты әрі ғибраты мол сюжет, әсем әуен мен көздің жауын алар костюмдер барлық жастағы көрерменнің көңілінен шығары сөзсіз.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.