rebranding

Простоквашинодағы шытырмандар

Баяғыда Федор аға деген лақап аты бар бір бала болыпты. Ол жануарларды қатты жақсы көріпті, алайда оның ата-анасы үй жануарын ұстауға рұқсат бермепті. Содан Федор ағаға өзінің досы Матроскин мысықпен бірге Простоквашино ауылына кетіп қалуына тура келеді. Ол жақта достар Шарик есімді итті кездестіріп, бірге олар көптеген қызықты шытырмандарды бастарынан өткізіпті. 

Театр сахнасында Эдуард Успенскийдің бала кезімізден таныс ертегілік повесінің оқиғасы жанданады. «Простоквашинодағы шытырмандар» ертегісі балаларға да, ата-аналарға да ұнайтын сүйікті отбасылық қойылымы болатыны сөзсіз. Сахна төрінде ата-ана мен бала арасындағы ара-қатынас секілді күрделі тақырыптар жеңіл күлкімен көтеріледі.