![Петр Чайковский: исповедь души](https://ticketon.kz/media/upload/54447u30705_petr-chaykovskiy-ispoved-dushi-filarmoniya-astana.jpg)
Петр Чайковский: исповедь души
Сипаттама
16 ақпан күні Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық залында (Абай даңғылы, 29) ұлы орыс композиторының 185 жылдығына арналған «Петр Чайковский: исповедь души» атты FORTE TRIO мемлекеттік триосының концерті өтеді. Басталуы сағат 17.00.
Чайковскийдің музыкасы оның тірі кезінде-ақ әлем мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды, ал кейінгі уақытта оның мұрасы шексіз танымалдыққа ие болды. «Оның өмірі ерекше, шығармашылығы шексіз», деп айтқан Мәскеу консерваториясының профессоры, композитордың жақын досы Н.Д. Кашкин. Ал П.И. Чайковский өзінің музыкасын жүректің барлық мейірімділігі, жанашырлығы пен жұбанышы шоғырланған жанның сырласуы деп санаған. Өз шығармашылығын Чайковский адам бейнесіне, оның отанға, табиғатқа деген махаббатына, бақытқа ұмтылысына, қараңғылық күштерімен батыл күресіне арнады. Композитордың музыкасында өмірдің қуанышы, қайғысы, үміті, күресі мен күйзелісі көрініс тапқан. Чайковский не туралы айтса да ол әрдайым шынайы және жүректен шыққан.
Концерт бағдарламасында камералық музыка жауһарларының бірі Петр Чайковскийдің «Ұлы суретшіні еске алу» фортепиано триосы орындалады. Композитор бұл шығармасын Мәскеу консерваториясының негізін қалаушы әрі бірінші директоры, сондай-ақ керемет пианист болған Николай Рубинштейнге арнады. Триодағы кеңейтілген және виртуоздық фортепиано партиясы дәл осы музыкант Рубинштейнге арналған.
Сондай-ақ, FORTE TRIO ансамблінің орындауында П.Чайковский мен С. Рахманиновтің аспаптық пьесалары орындалады.
Қазақстан Республикасының FORTE TRIO мемлекеттік триосымен бірге әлемдік классика жауһарларын тамашалаңыз.
Ұжым құрамында дарынды жоғары кәсіби музыканттар ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты Мұрат Нарбеков (виолончель), халықаралық байқаулардың лауреаты Мақсат Жүсіпов (скрипка) бар. Ансамбльдің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Тимур Урманчеев (фортепиано).
Өтетін орны
Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония
Күні
16 ақпан 2025
Басталуы
17: 00
Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас шектеуі
7+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 16АқпанЖексГосударственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный залКамерный залбастап 3000 ₸бастап 3000 ₸