ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Өнер үндестігі

Өнер үндестігі

Сипаттама

Концерт бағдарламасында классикалық музыкалық өнердің жауһарлары орындалады. Кеш бағдарламасында Н. Паганинидің Оркестрмен скрипкаға арналған № 1 концерті бар, онда Амина Ахметжанова орындаушы, Эльдар Сапараев оркестр дирижері ретінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар осы кеште симфониялық музыка бағалаушыларына Э. Элгардың Оркестрмен виолончельге арналған e-moll концерті ұсынылады Эльдар Сапараев жеке орындаушы ретінде өнер көрсетеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен Габриэль Форенің «Павана» ор.50 шығармасы орындалады.

Амина Ахметжанова Қазақстанның жас талантты скрипкашылары арасында өзінің керемет музыкалық қабілетімен және жетістіктерімен ерекшеленеді. Ол Италия, Грузия, АҚШ, Түркия, Германия және басқа да көптеген халықаралық байқауларда өнер көрсетті. Оның ішінде 20-дан астам республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек, Дубайдағы V халықаралық байқауда Бас жүлде, Түркиядағы халықаралық байқауда бірінші орын, Анталья қ., Италиядағы Rovere D’oro Халықаралық жасөспірімдер байқауында бірінші орын және т.б. Сонымен қатар, Амина «Қазақстанның Австриядағы мәдениет күндері» мемлекеттік жобасы аясында Австриядағы беделді Концертхаус залында Қазақстанның скрипка мәдениетін таныстыру құрметіне ие болды. Владимир Спиваковтың шақыруымен «Москва встречает друзей» халықаралық фестивалі аясында Мәскеудегі Үлкен театрдың сахнасында өнер көрсетті.

Виолончельші және дирижер Эльдар Сапараев Алматыда өнерлі отбасында туып өскен. Ол виолончельде алғашқы сабақтарын әйгілі виртуоз виолончельші әкесі Заур Сапараевтан алған. 1987 жылы Эльдар К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебіне оқуға түсті. 1998 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясында білімін жалғастырды. Цюрих қаласындағы жоғары музыка мектебінде концерттік орындаушы ретінде магистр дәрежесін алғаннан кейін, Дэвид Герингастың жетекшілігімен Берлиндегі Ганс Эйслер жоғары музыка мектебінде оқуын жалғастырды. Эльдар сонымен қатар 2016жылы Марк Кисочидің жетекшілігімен Лугано консерваториясында (Швейцария) дирижерлік магистр дәрежесін алды.

Эльдардың жетістіктерінің арасында көптеген халықаралық байқаулар бар, соның ішінде Хорватиядағы Антонио Янигро атындағы байқауда бірінші орын, Қазақстандағы «Шабыт» байқауында Бас жүлде, Швейцариядағы Кеккерт байқауында бірінші орын және т.б.

Эльдар Еуропа, Азия, Оңтүстік және Солтүстік Американың көптеген концерттік алаңдарында жеке орындаушы ретінде өнер көрсетті және Дмитрий Ситковецкий, Раду Лупу, Алена Баева, Эльдар Небольсин, Томас Вернер Мифунэ, Владимир Ашкенази, Дмитрий Ашкенази, Лиор Шамбадал, Генрих Шифф, Бобби Макферрин және Дэвид Герингас сияқты танымал әртістермен ынтымақтастықта болды. Қазіргі уақытта Эльдар Германиядағы «Klassik Konstanz» музыкалық фестивалінің көркемдік жетекшісі, Любляна қаласының мемлекеттік университетінің профессоры, сондай-ақ Астана қаласының Қазақ ұлттық өнер университетінің шақырылған оқытушысы.

Филармония симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Абзал Мұхитдин.

Филармония симфониялық оркестрімен бірге жоғары классикалық өнердің таңғажайып әрі шексіз әлемін ашыңыз.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., МКҚК ГАФ им.Е. Рахмадиева, Кенесары көшесі, 32

  • Күні

    24 мамыр 2024 ж

  • Басталуы

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут 

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 24
    Мамыр
    Жұм
    Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
    Зал
    бастап 3000
    бастап 3000