National Geographic: жабайы табиғаттың ең үздік фотосуреттері
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «National Geographic: Жабайы табиғаттың ең үздік фотосуреттері» атты фотокөрме ашылады.
Табиғат фотосуреттерінің танымал редакторы Кэти Моран жетекшілік ететін көрме Майкл «Ник» Николс, Стив Винтер, Пол Никлен, Беверли Жубер, Дэвид Дубил және басқалары сияқты танымал фотографтардың объективтері арқылы жабайы табиғатқа бірегей көзқарасты ұсынатын болады. Олар фотопленкадан бастап қашықтықтан түсіру мен су асты технологияларына дейін фотосурет өнерінің дамуын көрсетпек.
National Geographic-тің 115 жылдық тарихын бейнелейтін бұл таңғажайып суреттер таңғалдырып қана қоймай, көрермендерге фотосурет технологиясындағы өзгерістер жабайы табиғатты зерттеуде жаңа қырларды қалай ашатынын тамашалауға мүмкіндік береді.