ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Музыкалық сенбілік»

«Музыкалық сенбілік»

Сипаттама

«Музыкалық альянс» топтамасы

«Музыкалық сенбілік»

концерті

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Музыкалық альянс» топтамасынан «Музыкалық сенбілік» концертін «Астана Опера» симфониялық оркестрі және елорданың концерттік алаңдарында белсенді өнер көрсетіп жүрген жас музыканттар ұсынады.

Кеш бағдарламасында ХІХ ХХ ғасырлардағы композиторлардың (А.Бородин, Л.Ф.Шарвенка, М.Равель) камералық музыка жауһарлары орындалады.

ХІХ ғасырдағы орыс камералық классикасының інжу-маржаны Александр Бородиннің Екінші квартеті шабытқа толы лирикалық толғау. Музыкамен өрілген сезімдер тазалығымен әрі асқақтығымен таң қалдырады. Бородин лирикасына өзінің жұмсақтығы мен шынайылығына орай жарқын да жайнақы нақыш тән. Квартет композитордың жары сезімтал әрі жанашыр досы, көмекшісі, тамаша пианист Екатерина Сергеевна Бородинаға арналған.

Людвиг Филипп Шарвенка (1847 1917) неміс композиторы әрі музыкалық педагог. Ең алдымен оның шығармашылығын Шуберт, Мендельсон және Шопеннен бастау алатын романтикалық дәстүрде лайықты орынға ие фортепианолық музыка айқындайды.

1904 жылы Парижде өткен Морис Равельдің Ішекті аспаптар квартетінің алғашқы орындауынан кейін көрермен қауым шығарманы жалпы алғанда жылы қабылдады, алайда сыншылардың пікірі екіге бөлінді. Кейбіреуі музыкадан Дебюссидің тікелей әсерін тапса, енді бірі эмоциялық ұстамдылық пен классицизм негіздеріне қайта оралуды байқады. Десе де, тамсанған пікірлер де болды: рецензенттердің бірі Ж.Марно «Mercure de France» басылымында былай деп жазды: «Бұл шебер де күшті әуенділіктің туындысы; нысаны айқын, классикалық сызбаға сай; менмен пафостан ада, ұйғарылған формулаларсыз еш қиналмастан шалқып төгілген шабыт...».

Нәтижесінде Квартет Прокофьев айтқандай, кез келген бағдарламаның сәнін келтіре алатын шығармалар қатарында қалды.

БАҒДАРЛАМА:

А.Бородин. №2 ішекті аспаптар квартеті, ре мажор

1. Allegro moderato

2. Scherzo: Allegro

3. Notturno: Andante

4. Finale: Andante Vivace

Орындаушылар:

Алина Оразтай (бірінші скрипка)

Маржан Сейітбек (екінші скрипка)

Мадина Нұрпейісова (альт)

Расима Нақыспекова (виолончель)

Л.Ф.Шарвенка. Фортепианолық трио, op. 121, ми минор

Andantino tranquillo

Un poco lento -

Finale. Allegretto con spirit

Орындаушылар:

Зәру Жазықбаева (фортепиано)

Ирина Долгих (скрипка)

Олеся Морозова (альт)

М.Равель. Ішекті аспаптар квартеті, фа мажор

1. Allegro moderato

2. Assez vif, très rythmé

3. Très lent

4. Vif et agité

Орындаушылар:

Индира Нұрлыбай (бірінші скрипка)

Сәния Исабекова (екінші скрипка)

Томирис Байғазинова (альт)

Дария Кенжебаева (виолончель)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық зал)

  • Күні

    7 желтоқсан 2024

  • Уақыты

    17:00

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • 7
      Желтоқсан
      Сенб
      Astana Opera
      Камерный зал
      бастап 4000 ₸
      бастап 4000 ₸