rebranding

«Махаббат музыкасы»

Музыка любвиӨтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 4 қараша, 2023

Уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

 

Шымкент қалалық опера және балет театрының солистері Роберт Жеткербаев (тенор) пен Маргарита Кин (сопрано) вокалдық музыка кешін ұсынады. Фортепиано партиясында – Зәмзәгүл Бекбаулова.

Музыканттардың орындауында Роберт Шуманның «Ақын махаббаты» топтамасы, сонымен қатар басқа романтик композиторлардың әндері мен романстары шырқалады.

Роберт Жеткербаев (тенор) – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі (Қабылаш Әбікейұлының сыныбы). 2020 жылдан бері Шымкент қалалық опера және балет театрының солисі. Репертуарында Т.Жармұхамедовтің «Домалақ ана» (Бәйдібек), Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» (Тезекбай), Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (Сансызбай) операларындағы, сондай-ақ Р.Гайсиннің «Көк түрік» мюзикліндегі (Ашин) партиялар және Дж.Россинидің «Салтанатты мессасындағы» тенор партиясы бар.

Жаңа XVI театр маусымында Р.Шуманның «Ақын махаббаты» вокалдық топтамасын орындаған.

Маргарита Кин (сопрано) М.Глинка атындағы Магнитогорск консерваториясын «Академиялық ән айту» мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық байқаулардың, оның ішінде «Рюбецальдің музыкалық бағы» VIII халықаралық опера фестивалі (Карпач, Польша, 2011), Наталия Шпиллер атындағы «Орыс музыкасының жауһарлары» Бүкілресейлік вокалистер байқауы (2015) және т.б. лауреаты.

Репертуарында Дж.Вердидің «Травиата» (Виолетта), Р.Леонковаллоның «Паяцы» (Недда), У.Гаджибековтың «Аршын мал алан» (Гюльчехра) операларынан партиялар, сондай-ақ ұлттық композиторлардың романстары мен әндері бар.

2011 жылдан – Шымкент қалалық опера және балет театрының жетекші солисі. 

Пианист Зәмзәгүл Бекбаулова – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған орта музыкалық мектеп-интернатының және Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі. Театрдағы аға концертмейстер ретіндегі қызметін Шымкент музыкалық колледжінде фортепианодан сабақ берумен қатар үйлестіреді. 2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталған. 

БАҒДАРЛАМА

РОБЕРТ ШУМАН: 

1. Ich stand in dunklen Traumen

2. Sie liebten sich bride

3. Liebeszauber

4. Der mond commt still gegangen

5. Ich hab’in deinem Auge

6. Die stille Lotosblume

 

ФРАНЦ ШУБЕРТ: 

1. Gretchen am Spinnrade

2. Auflösung

3. Avé Maria 

4. Die Forelle

 

РИХАРД ШТРАУС: 

1. Morgen

2. Cäcilie

Роберт Шуман. 

«Ақын махаббаты» топтамасы