ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Менің жан серпінім!

Менің жан серпінім!

Сипаттама
Өтетін орны: Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Камералық зал, Абай к. 29 Күні: 2024 жылғы 12 мамыр Басталуы: 17: 00 Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут Жас шектеуі: 7+ Жанр: концерт Қазақстан Композиторлар одағы 1939 жылы құрылды. Ұйымның бастауында аты аңызға айналған музыканттар Е.Брусиловский, А. Жұбанов, Л. Хамиди, М. Төлебаев, Б. Байқадамов тұрды. Композиторлар одағының бірінші төрағасы қазақ кәсіби композиторлық мектебінің негізін қалаушы Евгений Брусиловский болды. Кейінгі жылдары оны Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Еркеғали Рахмадиев, Базарбай Жұманиязов, Серік Еркімбеков, Балнұр Қадырбек басқарды. Қазіргі уақытта ҚР Композиторлар одағының төрағасы – композитор Серікжан Әбдінұров. Соңғы 85 жылдың ішінде шыққан Композиторлар одағы мүшелерінің есімдері қатарында ең жарқыны – Төлеген Мұхамеджановтың есімі. Қазақтың белгілі композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Симфониялар, опералар, музыкалық комедиялар, ішекті квартеттер, симфониялық шығармалар, Абай өлеңдеріне арналған вокалдық топтамалар, романстар, әндер, кино мен театрға арналған музыкалардың авторы. Ол Алматы және Мәскеу консерваторияларында, алма-матерде оқытушылық қызметін атқарды, оның басшылығымен Қазақстанның ірі мәдени мекемелері жұмыс істеді, оның басшылығымен еліміздің көптеген шығармашылық ұжымдары пайда болды. Төлеген Мұхамеджанұлының республиканың мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі орасан зор. Филармонияның жайлы камералық залында композитордың музыкалық шығармашылығын тамашалауға шақырамыз. Концерт бағдарламасында филармония орындаушылары, виртуоз-аспапшылар мен камералық ансамбльдер камералық-аспаптық және вокалдық шығармаларды орындайды.  Ж. Жұбанованы еске алуға арналған № 1 ішекті квартет  Фортепиано триосы  «Мимолетности»  Жеке флейтаға арналған сонатина  «7 стихотворений Ли-Бо» вокалдық топтамасы  Абай өлеңдеріне арналған вокалдық топтама Ғ. Жұбанованы еске алуға арналған № 1 ішекті квартетті композитор елдегі бірегей камералық ұжым - Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет үшін арнайы жазған және көрнекті композитор Ғазиза Жұбанованы еске алуға арналған. Квартеттің көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев. Фортепианоға арналған «Мимолетности» фортепиано триосын FORTE TRIO ҚР Мемлекеттік триосы орындайды. Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев. Жеке флейтаға арналған сонатинаны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Байсағатов орындайды. «7 стихотворений Ли-Бо» вокалдық топтамасын Қазақстан мен Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Нұржамал Үсенбаева (сопрано) ұсынады. Көрермендер Абай өлеңдеріне арналған вокалдық топтаманы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовтің (баритон) орындауында тыңдайды. Вокалдық топтамалар концертмейстері ретінде Мәдениет саласының үздігі, классикалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі Роза Шотқалиева өнер көрсетеді. «Мимолетности» композициясын халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Акаева (фортепиано) орындайды. Сізге музыкалық жағымды әсер алуды тілейміз!
Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Камералық зал, Абай к. 29

  • Күні

    2024 жылғы 12 мамыр

  • Басталуы

    17: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут 

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 12
    Мамыр
    Жекс
    Государственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный зал
    Камерный зал
    бастап 3000
    бастап 3000