97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Филармония им Е.Рахмадиева

«МЕН ДАЛАНЫҢ ҚЫЗЫМЫН»

Билет сатып алу

Өтетін орны: Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы филармонияның концерт залы, Кенесары к-сі, 32
 
Күні: 6 қараша 2024
 
Басталуы: 19: 00
 
Ұзақтығы: 120 минут
 
Жанр: Этно-фольклорлық
 
Тұрақ: бар
 
 
 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақконцерттің солисі, қазақ эстрадасының көрнекті өкілі Бағдат Сәмидинова «Мен даланың қызымын» атты жеке концертіне шақырады!

Халықтың сүйікті әншісі Бағдат Сәмидинова қазақтың киелі сахнасында ән өнерінің дамуына ұзақ жылдар бойы еселі еңбек етіп келеді. Концерттерінде көрермендеріне шабыт пен қуаныш сыйлайтын өнерпаздың шығармашылығында ұлттың үні мен заманауи әуен ерекше үйлесім тапқан.

Кешке қазақ өнерінің маңдайалды майталмандары Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев пен Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Ілиясова мен Досымжан Таңатаров, Қырғызстанның халық әртісі Роза Аманова және «Астана» дуэті қатысады. Концерт Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Сүйікті әншіңіздің сезім мен сүйіспеншілікке, адамдық пен адалдыққа толы әндерін тыңдап, ұмытылмас ерекше әсер алатын маңызды мәдени шарадан қапы қалмаңыз!