Мадам Баттерфляй

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
 
Күні: 3-4 сәуір, 2024
 
Уақыты: 19:00
 
Ұзақтығы: 2 сағат 25 минут
 
Жас шектеуі: 10+
 
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
 
 
 

«Мадам Баттерфляй»

2 бөлімді опера

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Либреттосын жазған Луиджи Иллика мен Джузеппе Джакоза

«Мадам Баттерфляй» («Чио-Чио-сан») операсының негізінде америкалық жазушы Джон Л. Лонгтың новелласы бойынша жазылған Д.Беласконың драма жатыр. Осынау пьесаны Лондонда болғанда тамашалаған Пуччини оның өмірге жақындығын көріп, қатты толқиды. Оның ұсынысымен либретто жазушылары Л.Иллика мен Д.Джакоза драманың негізінде опера либреттосын жазған. Көп кешікпей музыкасы да өмірге келеді. 1904 жылдың 17 ақпанында Миланда өткен тұңғыш қойылымында опера сәтсіздікке ұшырап, репертуардан алынып тастайды. Көрермендер оның мазмұнын түсінбей, екінші бөлімнің ұзақтығына қатты ашуланды.

Пуччини кейбір нөмірлерді қысқартып, екінші бөлімді екіге бөледі. Осындай азғантай өзгерістермен үш айдан кейін қайта қойылған опера көрермендер арасында өте жылы қабылданып, тез арада ең танымал заманауи опералардың біріне айналды.

Операның алыс Жапония өмірінен алынған оқиғаларға жазылуы кездейсоқ емес, себебі XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында Еуропа өнерінде экзотикалық тақырыптарға деген қызығушылық басым болды. Дегенмен, Пуччини музыка жазу барысында Жапон еліне тән ұлттық нақышты жеткізуді мақсат етпейді. Ол үшін басты орында – адамның ішкі дүниесіндегі рухани қақтығыс болды. Осыны іске асыруда композитор әдеби түпнұсқа мазмұнын сақтап қана қоймай, оны тереңдете түсті.

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы режиссер – Лоренцо Амато

Сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Костюмдер бойынша кеңесші – Джунко Камохара

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

Опера труппасының директоры – Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Арасель Досмұратова

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.