Scorpions в Алматы

La Musique Romantique

2021 / 2022                   К.Байсейітова атындағы Камералық зал                  IX маусым

16 қараша * сейсенбі * 19.00

 

Камералық музыка концерті

La Musique Romantique

Танымал музыканттар Ермек Құрманаев (виолончель) пен Анара Камельинова (фортепиано) сонаталар кешін ұсынады.

Концерт бағдарламасына ХІХ ғасырдағы романтик композиторлар: камералық музыканы еркін романтикалық түрде жеткізу дәстүрін қалыптастырушылардың бірі Франц Шуберт, «жан тебіренісінің» сырлы суретшісі Иоганнес Брамс, сондай-ақ виолончельге арналған жалғыз сонатасы ең романтикалық туындысы болып есептелетін ХХ ғасыр классигі Д.Шостаковичтің шығармалары енді.

 

Ермек Құрманаев – Қазақстанның музыка өнерін шетелде лайықты деңгейде танытып жүрген белгілі қазақстандық орындаушылардың бірі.

Өз өнер жолының қалыптасу кезеңінде, атап айтқанда, 1996 жылдан бастап Ермек Құрманаев Австрия, Польша, Франция, Ресей және, әлбетте, отаны Қазақстандағы байқауларға қатыса бастады.

Отандық тыңдарман қауым С.Прокофьевтің Симфония-концерті, Ғ.Жұбанованың Оркестр мен виолончельге арналған концерті, Р.Шуманның Оркестр мен виолончельге арналған концерті, П.Чайковскийдің Pezzo Capriccioso және Д.Шостаковичтің Оркестр мен виолончельге арналған бірінші концерті сынды ірі туындыларды оның орындауында алғаш рет естіді.

Хас шебер музыкант Ермек Құрманаев тыңдармандарды өз өнерімен қуантуды жалғастырып келеді.

 

Анара Камельинова музыкалық отбасында дүниеге келген, алты жасынан фортепианода ойнай бастады. Қазақ ұлттық өнер университетін тамамдаған, қазіргі таңда сол жерде ұстаздық етеді. Ермек Құрманаевпен және басқа музыканттармен бірге камералық музыка концерттерін өткізіп, еліміз бен шет елдерде қазақстандық музыка өнерін белсенді түрде насихаттап келеді.

 

БАҒДАРЛАМА:

Ф.Шуберт.

Виолончель мен фортепианоға арналған «Арпеджионе» сонатасы, ля минор, D 821

1. Allegro moderato

2. Adagio

3. Alegretto

 

И.Брамс

Виолончель мен фортепианоға арналған №1 соната, ми минор, ор.38

1. Allegro non troppo

2. Allegretto quasi menuetto

3. Allegro

 

Д.Шостакович

Виолончель мен фортепианоға арналған соната, ре минор, ор.40

1. Allegro non troppo

2. Allegro

3. Largo

4. Allegro

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ермек ҚҰРМАНАЕВ, халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель)

Анара КАМЕЛЬИНОВА, халықаралық байқаулардың лауреаты (фортепиано)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады