rebranding

«Күй – ғұмырым, ұстаздық – тұғырым»

2021 / 2022           Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал  ІХ маусым

5 қараша * жұма * 19.00

 

Концерт

«Күй – ғұмырым, ұстаздық – тұғырым»

(Айтжан Тоқтағанның 75 жылдығына орай)

Домбыра өнері мен дәстүрлі халық музыкасын зерттеуші, педагог, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Айтжан Тоқтағанның «Күй – ғұмырым, ұстаздық – тұғырым» концерті оның мерейтойына арналады.

Күйшінің ұзақ шығармашылық тағдыры жарқын оқиғаларға толы. Алматы консерваториясының түлегі оқуын Құрманғазы атындағы оркестрдегі жұмысымен ұштастырып, сол кездегі атақты домбырашылар – Қ.Жантілеуов, Р.Омаров, Ш.Қажығалиев және т.б. хас шеберлерден баға жетпес тәжірибе жинақтады. Айтжан Тоқтаған оркестрмен бірге республиканың барлық өңірлерінде, ТМД елдері мен шетелде: Финляндия, Польша, Венгрия, Чехославакия, Моңғолия, Сирия, Франция, Италия, Түркия, Жапония, Америка, Қытайда болды.

Концерттік-шығармашылық қызметімен қатар А.Тоқтаған алдымен П.Чайковский атындағы музыкалық училищеде, кейін Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының кафедрасында ұстаздық жұмыспен де айналысады. Ол дарынды жас домбырашылардың тұтас саңлақтар тобын даярлады.

А.Тоқтағанның ғылыми-зерттеу жұмысының арқасында қазақтың домбыра өнерінде көптеген жаңа есімдер, бағыттар мен стильдер ашылды.

А.Тоқтағанның еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланған. Ол – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері; Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Концертке танымал қазақстандық музыканттар – көрнекті маэстроның әріптестері, шәкірттері мен ізбасарлары, ұстаздар мен ғалымдар қатысады.

Кеште қазақ композиторларының ән-күйлері орындалады.

 

 

Қатысушылар:

ҚР енбек сіңірген қайраткерлері:

Жексенбек НҰРЖАУОВ

Рухия БАТЫРШЕВА

Болатхан ТӘШІМОВ

Батыржан МЫҚТЫБАЕВ

Арман ЖҮДЕБАЕВ

Ерлан РЫСҚАЛИ

Нүркен ӘШІРОВ

 

ҚР Мәдениет қайраткерлері:

Сәлім ІЗТІЛЕУОВ

Талап ХАМЗИН

Мұрат АБУҒАЗЫ

Марат НҮКЕЕВ

Талғат ОРАЗАЕВ

 

Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары:

Балғабек СМАҒҰЛОВ

Нұрбек ТАПАЛОВ

Меруерт ЮСБЕКОВА

Ержан ӘЛІМБЕТОВ

Гүлбахрам МҰСАБЕКОВА

Динара НҰРБАЕВА

Айнұр НҰРБЕРГЕНОВА

Бақытбек ҚАЙРАЛАПОВ

Данияр БАЙЖҰМАНОВ

Асылбек КЕНЕГЕСОВ

Руслан БАЙМУРЗИН

Балжан СМАХАН

Айтолқын ТОҚТАҒАН

Танат СӘДЕНОВ

Төлеби НҰРҒАЛИЕВ

«Серпер» домбырашылар ансамблі. Жетекшісі – Бекайдар ҚАЛИЕВ

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 45 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады