rebranding

«ПОРТРЕТЫ КОМПОЗИТОРОВ» И. Брамс. Ф. Мендельсон

Концерт «Портреты композиторов»Өтетін орны: QAZAQSTAN ОКЗ Үлкен залы, Мәңгілік ел, 10/1

Күні: 2023 жылғы 3 наурыз

Уақыты: 19:00

Жанр: классикалық музыка

Жас шектеуі: 7+

Ұзақтығы: 80 минут

Қосымша:

 

 

 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі сіздерді «Портреты композиторов» атты  классикалық музыка кешіне шақырады. Музыкалық кеште көрермендер үшін әлемге танымал скрипкашы Зюй Буй Конг (Вьетнам) өнер көрсетеді. Оркестрге Томас Зандерлинг (Ұлыбритания) дирижерлік етеді.

Концерттік бағдарламада ерекше классикалық туындылар мен авторлардың шығармалары орындалады:

1. И. Брамс, симфония №4 ми минор, ор. 98

2. Ф. Мендельсон, Оркестр мен скрипкаға арналған концерт,

ми минор, ор.64

Скрипкашы Зюй Буй Конг С.Петербург қаласында өткен музыкалық байқауда техникалық орындау шеберлігін көрсеткені үшін П.И.Чайковский атындағы ІІІ Халықаралық жас музыканттар байқауының бірінші жүлдегері және Алтын медаль иегері атанған. Шет мемлекеттерге гастрольдік сапарға шығып, әлем жұртшылығына өз өнерін паш етті. Атап айтатын болсақ, «Ịjhevsk Philharmonic», «Berliner Symphoniker», «Trondheim Soloists», Санкт-Петербург, Лондон, Македония, Брно, Пусан және Вьетнам мемлекеттік филармониялық оркестрлерінің танымал солисі ретінде сахнаға шықты. Қазіргі таңда музыкант Вьетнам Ұлттық академиясының концерттік іс-шаралар жөніндегі вице-канцлері, Вьетнам классикалық музыкасының көркемдік жетекшісі және «Vietnam Connection» музыка фестивалінің атқарушы директоры қызметін атқарады.

Томас Зандерлинг Лондон симфониялық оркестрімен бірге Д.Шостакович пен П.Чайковскийдің музыкасын жазғаны үшін «OPUS KLASSIK» сыйлығы мен көптеген марапаттарды иеленді. Ол Балтимор, Даллас, Монреаль симфониясы және Чех, Осло, Лондон, корольдік Стокгольм, Санкт-Петербург филармониялары сынды әлемнің ең үздік оркестрлері мен Берлин опера театры, Мариин театры, Финляндия ұлттық опера театры, Ла Фенице театрларына дирижерлік етті. Оның Санкт-Петербург филармониясының оркестрімен бірге Малердің №6 симфониясына жазған музыкалық туындысы «Cannes Classical Award» сыйлығын жеңіп алды.