
Күміс ғасырдан қазіргі заманға дейінгі камералық музыка
Сипаттама
«FORTE-TRIO ұсынады» топтамасы
Күміс ғасырдан қазіргі заманға дейінгі камералық музыка
FORTE-TRIO ҚР мемлекеттік триосының «Астана Опера» театрының Камералық залындағы концерттері классикалық музыка сүйер қауымның ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігіне әлдеқашан бөленген.
FORTE-TRIO репертуары талғампаз барокко музыкасынан бастап заманауи композицияларға, классика жауһарларынан джаз музыкасына дейінгі сан алуандығымен таңғалдырады. Бұл тыңдаушыларға музыка өнерінің жаңа қырларын аша отырып, ансамбльге қалың көрермен аудиториясын кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
FORTE-TRIO өзінің көктемгі маусымдағы өнер көрсетуін ұлы орыс композиторлары Сергея Рахманинов, Антон Аренский және Дмитрий Шостаковичтің шығармашылығына арнайды. Бұл есімдер орыс классикалық музыкасының шыңын бейнелесе, олардың туныдылары техникалық тұрғыдан күрделі әрі терең эмоциялық мәнге толы нағыз жауһарлар.
Сергей Рахманинов музыкасы романтикалық құштарлығымен, лирикасымен және шеберлігімен өзгешеленетін композитор. Оның камералық шығармалары әрдайым концерттік бағдарламалардың сәніне айналады.
Антон Аренский нәзіктік пен әуенділікті терең драматизммен үйлестіре білетін камералық музыка шебері.
Дмитрий Шостакович ХХ ғасырдың ең көрнекті композиторларының бірі. Оның музыкасы күрделі тарихи және жеке ішкі сезім толғанысын бейнелеп, сонымен бірге жантебірентерлік адамгершілік сипатынан ажырамайды.
FORTE-TRIO көпшілікті шабыттандырып, әлемдік музыкалық мәдениет жауһарларын таныстыруды жалғастыруда. Бұл концерт классикалық музыканы баршаға жақын әрі түсінікті ету жолындағы тағы бір қадам.
БАҒДАРЛАМА:
Д.Шостакович. №1 фортепианолық трио, до минор, оp. 8 (бір бөлімді)
С.Рахманинов. №1 элегиялық трио, соль минор (бір бөлімді)
А.Аренский. Фортепианолық трио, ре минор, op. 32
1. Allegro moderato - Adagio
2. Scherzo. Allegro molto
3. Elegia. Adagio
4. Finale. Allegro non troppo - Andante - Allegro
ОРЫНДАУШЫЛАР:
«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосының құрамы:
Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано)
Мақсат ЖҮСІПОВ (скрипка)
Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)
Ұжымның көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.
Ұзақтығы 1 сағат 20 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Камералық зал. Қ. Байсейітова)
Күні
2025 жылғы 13 сәуір
Уақыты
18:00
Ұзақтығы
1 сағат 20 минут
Жас шектеуі
10+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 13СәуірЖексAstana OperaКамерный залбастап 6000 ₸бастап 6000 ₸