«Әуенімен тербеген контрабас»

2018 / 2019                    Камералық зал            VІ маусым

28 тамыз * сәрсенбі * 19.00

Концерт

«Әуенімен тербеген контрабас...»

«Астана Опера» театрының Камералық залында Джованни Боттезини, Франк Прото, Руджеро Леонкавалло, Мануэль Понсе және қазақ музыкасының классигі Ғазиза Жұбанованың туындылары шырқалатын аспаптық музыка концерті өтеді. Осынау қызықты бағдарламаны «Астана Опера» театрының оркестр әртістері мен концерт қонағы – халықаралық байқаулардың лауреаты Алмас БАЙҒОЖИН (контрабас, Түркия) ұсынады.

Ішекті аспаптар тобындағы ең төмен дауысты аспап жеке-дара шығарма орындайды – бұл сирек кездесетін жайт. Атап айтқанда, контрабас – айрықша тембрге ие, ал оның техникалық мүмкіндіктері біз білетін ерекшеліктерінен де көп. Дарынды контрабас орындаушылары XVIII ғасырдың ортасынан, яғни осы аспаптың заманауи үлгіде пайда болуы кезеңінен белгілі.

 

БАҒДАРЛАМА

Франк Прото. A Carmen Fantasy

Ғазиза Жұбанова. Ішекті аспаптар квартеті, ре минор

Джованни Боттезини. Элегия  ре мажор

Руджеро Леонкавалло. «Таңсәрі»

Мануэль Понсе. «Эстреллита»

Джованни Боттезини. Контрабас пен скрипкаға арналған қос концерт, ля мажор

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Алмас БАЙҒОЖИН (контрабас, Түркия)

Назым САҒЫНТАЙ (сопрано)

Ася НҰРЖІГІТОВА (скрипка)

Меруерт ОРЫНБАСАР (скрипка)

Алтынай БАЛТАТЕГІ (альт)

Әлішер ДҮТБАЕВ (виолончель)

Гүлдана ТӨЛЕПБЕРГЕН (фортепиано)