«Найзағай»
Сипаттама
Жас режиссер Рача Махатаев (Санкт-Петербург) пен суретші сценограф Ильшат Вильдановтың (Санкт-Петербург) қойылымындағы «Найзағай» пьесасы - әлдебір N қаласының ақ-қара әлемі, онда үлкен қоршаудың артында діншілдіктің кейпін жамылған қатыгез ғұрыптар мен жәдігөйлік жасырын отыр.
Пьесаның желілері Кабановтар отбасының өміріндегі бір жайтты, дәлірек айтқанда, әйелінің қалаға біраз уақытқа келген Борис есімді кісімен танысуы әрі сонымен сатқындығын баяндайды. Бұл оқиға Катеринаның өзіне ғана емес, бүкіл отбасыға ауыр соққы болғаны сөзсіз.
Бала кезінен өз отбасының аялы алақанында аса мейіріммен өсірілген Катерина өзінің жігерсіз күйеуінің үйінде енесінің қатыгездігі мен делқұлы қылықтарының құрбанына айналған. Катеринаны жастайынан тұрмысқа берген, ол үйіндегі ашынған күйіне зарланады. Бориске деген оттай лаулаған кенет махаббатына қарсы тұралмаған шарасыз Катерина сезімдеріне беріліп, онымен жасырын түрде кездесе бастайды. Ақырында ашудан көзіне қан толып Катерина өзінің күнәсін күйеуіне де, енесіне де ашады.
Мұндай алыс түкпірде өз өмірін босқа құртуға еш қалауы болмаған Борис болса Дикий үйіне өзінің мұрагерлігінің жартысын иелік етуге келген еді. Катерина Бористан өзімен бірге алып кетуін сұраса да, мұндай жағдайдың мүлде мүмкін еместігін аңғарады. Жолынан ұстамай, соңынан тілеуін тілеп, Катерина мұндай азапты тағдыр тәлкегіне шыдамай, өзенге секіріп өзіне қол жұмсайды.
Катеринаның бұл әрекеті - бұл нағыз наразылық, жан айқайы, жақыныңа деген мейірбандық, махаббат пен кешірімді жалынып сұрауы.
Ендігіде А.Н.Островский драмасының бүгінгі таңдағы өзектілігін сынау көрермендердің қолында.
Өтетін орны
М. Горький атындағы ГРДТ сахнасы, Желтоқсан көшесі, 13
Авторы
А. Островский
Премьера күні
7 Наурыз 2020 ж
Қоюшы-режиссер
Рача Махатаев (Санкт-Петербург)
Жанр
драма
Ұзақтығы
2 сағат
Жас шектеуі
16+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 1ЖелтоқсанЖексТеатр драмы им. Горького (Астана)Большой залбастап 4000 ₸бастап 2000 ₸