«ФОРТЕПИАНО ЖӘНЕ ОРКЕСТР»

 «ФОРТЕПИАНО И ОРКЕСТР»

Өтетін орны: Астана қ., QAZAQSTAN ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)

Күні: 31 наурыз 2023 ж.

Басталуы: 19:00 

Тұрақ: бар

Жанр: классикалық музыка

Ұзақтығы: 80 минут

Қосымша:

 

 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы «Фортепиано және оркестр» атты классикалық музыка кешіне шақырады. Бағдарламада мексикалық музыкант  Клаудиа Перрес (фортепиано) әлемдік туындыларда ойнап, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестр ұжымымен бірге өнер көрсетеді. Концерт дирижер Мариус Стравинскийдің (Ұлыбритания) жетекшілігімен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі Қазақстанның халық әртісі, танымал скрипкашы «Қазақстанның Еңбек Ері» Айман Мусахаджаева. Оркестрдің бас дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бахытжан Мусаходжаева.

 Концерттік бағдарламада:

1.      Е. Рахмадиев. «Дайрабай»

2.      В. Моцарт. Концерт №23 фортепиано Ля мажор KV 488

3.      П. Чайковский. «Ұйқыдағы ару».

Клаудия Перрес жастайынан мексикалық фортепианоның жарық жұлдызы ретінде танылды. 10 жасынан бастап оркестрмен жеке ән кештерінде өнер көрсете бастаған. 12 жасында Мексика Ұлттық консерваториясына оқуға түсіп, оны үздік аяқтайды. Мексиканың Ұлттық жастар сыйлығының иегері К.Перрес Францияға келеді. Ең әуелі Бернар Флавиньямен Экс-ан-Прованс консерваториясында оқып, содан кейін Париждегі музыка мектебінде білім алған. Сол жерде Антонио Руис  Пиподан испан репертуары бойынша білімін жетілдіреді. Ол сондай-ақ, Доминик Мерл, Жака Рувье, Поля Бадура-Скода және Йорга Демустан дәріс алады. Алғашқы жүлделі сыйлығын 1991 жылы Мехикода өткен «Моцарт» байқауында жеңіп алған болатын. Содан бастап (Франция, Италия, Ұлыбритания, Германия, Молдавия, Мексика) елдерінің танымал әртістерімен бірге өнер көрсетуге жолдама алады. Қазір франциядағы «À Portée de Rue» фестивалінің көркемдік жетекшісі. 

Мариус Стравинский 2002 жылы Лондонда Корольдік музыка академиясын бітірген. Кейін Мәскеу филармониялық және «Геликон-Опера» театр оркестрлерінде Владимир Понькиннен дирижер-асистент ретінде дәріс алады. Оған Игорь Головчин тәлімгерлік еткен. Кеннет Кислер мен Эри Кластың шеберлік сабақтарына қатысты. 2007 жылы Ресейдің ең жас музыканты ретінде Симфониялық оркестр мен Карель мемлекеттік оркестірінің бас дирижері атанады, бес жыл қызмет атқарғаннан кейін 2013 жылы Владимир Юровскийдің шақыртуымен Лондонға көшкен. Оның репертуары мен дискографиясы алуан түрлі, барлық дискілері «Cameo Classics» компаниясынан шыққан.

Карелия камералық оркестрінің бас дирижері бола жүріп, Томас Блауэр, Дороти Хауэлл, Джозеф Холбрук және Сергей Жуков туындыларын жазады.

Құрметті көрермен сіздерді «Фортепиано және оркестр» концертінде күтеміз! Сырлы әуенді кештен алған таңғажайып әсер ерекше есте қалатынына кәміл сенеміз.