ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Джудит жасаған қиын таңдау. Ж.Аймауытов театры гастрольдік сапармен Астана қаласында

Джудит жасаған қиын таңдау. Ж.Аймауытов театры гастрольдік сапармен Астана қаласында

Сипаттама

«Джудит жасаған қиын таңдау» - бұл отбасының барлық мүшелеріне ерекше көңіл күй сыйлайтын, көрермендерді ұмытылмастай әсерге бөлейтін, ғажайыптар мен ертегі әлеміне апаратын спектакль-шоу. Ересектер мен кішкентай бүлдіршіндерге арналған қойылым сахналанғаны жүсіпбек аймауытов театры үшін алғашқы тәжірибе. Спектакльдің динамикалық құрылымы арқылы қойылым авторлары көрерменге әке мен баланың арасындағы мәселелерді қозғайды. Бала мен ата-ана арасындағы байланыс көпірінің құлдырауы сияқты өмірдегі маңыздылығы жоғары және мәні терең құбылыстар жайлы сыр шертеді. Мүмкін байланыстың үзілу себебі -адамдардың бір-бірін түсіне алмау немесе түсінгісі келмеу салдарынан орын алып жатқан болар.

«Джудит жасаған қиын таңдау» қойылымы айналаға - балаға ересек адамның көзімен, ал ата-анасына баланың көзімен қарауға мүмкіндік береді. Кім біледі, бәлкім сен де нағыз ғажайыпқа тап боларсың? Ал ғажайыптың орын алу ықтималдығы неғұрлым аз болса, соғұрлым әсері арта түспек.

САХНАЛАУ ТОБЫ:
Қоюшы режиссер, суретші Сергей Левицкий

Пластикалық режиссер Игорь Григурко

РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

Джудит Дильназ Қиятова
Әке, Жаңа әке Руслан Нығман
Қарға Бауыржан Манатбекұлы
Нил Льюис Ақжол Дүйсенұлы
Үлкен клоун Арман Серікқазыев

Клоун 1 Жасұлан Әмірхан
Клоун 2 Жақсылық Әбдірашым
Клоун 3 Темірлан Мұқатай
Клоун 4 Райхан Жұмақанова

Толық оқыңыз
  • Автор

    Сергей Левицкий (Грейс Макклиннің «самая прекрасная земля на свете» романының желісі бойынша)

  • Премьера күні

     26-27 қараша 2024 ж

  • Режиссер

     Сергей Левицкий

  • Пластикалық режиссер

     Игорь Григурко

  • Қойылым ұзақтығы

    1 сағат

  • Жанр

     балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоу

  • Қосымша

     Спектакль қазақ тілінде және орыс тілінде синхронды аудармасымен өтеді

Жасыру

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 14
    Сәуір
    Дүй
    Театр «Жастар»
    Зал
    бастап 2000 ₸
    бастап 2000 ₸