Астанадағы «текиланы есептемегенде лифтте екі».
Сипаттама
Назар аударыңыздар! Билеттер айырбасталмайды және қайтарылмайды.
(Ольга Степнованың «Двое в лифте, не считая текилы» пьесасы бойынша)
Оқиға желісі:
Мерекелік күн, 8 наурыз… Екі ер адам гүлдері мен сыйлықтарын көтеріп, әйелдерін құттықтауға асық… Алайда кенеттен күтпеген жағдай орын алады! Екеуі де зәулім үйдің керемет лифтінде қамалып қалады… Кездейсоқтық па, әлде тағдыр әзілі ме?
Бірі - айбарлы, айдарлы, шыттай киінген, костюм-шалбармен, қолында шабаданы мен үлкен бір шоқ раушан гүлі бар… Екіншісі - ұқыпсыз киінген, майка, былғары күртке, қолында азық-түлік дүкенінің дорбасы мен арзан шегіргүл шоғы…
Бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі бөлек әлемнің адамдарын не, дәлірек айқтанда, кім байланыстыруы мүмкін?
Оны тек бірін-бірі жақынырақ танып қана біле алмақ. Кешкітұры, мереке аяқталуына шақ келді, лифт тұрып қалған, диспетчер жауап бермейді, гүлдер солып бара жатыр, бірақ біреуінде бір бөтелке текила бар екен… Екі бейтаныс, бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі еркектің әңгімесі жарасып, сөзден сөз шығып, екеуі де бір әйелге бара жатқандары анықталады. Мұндай жағдайда не істеу керек? Әйелдер мерекесін бірге тойласын ба, әлде диспетчерден хабар алып, лифттен босап шығудың әрекетін жасасын ба? Бәлкім, сүйіктісі кімді шын сүйетінін бір-біріне дәлелдеп, анықтаулары керек шығар? БІЗДІҢ ҚОЙЫЛЫМ ОСЫ ТУРАЛЫ СЫР ШЕРТЕДІ!
Өтетін орны
Астана қ., Республика даңғылы, 34, «Жастар» сарайы
Күні
19 қаңтар 2025 ж
Басталуы
18:00
Суретшілер
Денис Матросов, Игорь Лифанов
Спектакль авторы
Ольга Степанова
Режиссер
Игорь Касилов
Жанр
комедия
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 19ҚаңтарЖексДворец «Жастар»зал 800 местбастап 6000 ₸бастап 6000 ₸