
Дон Жуан
Сипаттама
ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы
ҰСЫНАДЫ
Вольфганг Амадей Моцарт
«Дон Жуан»
Екі бөлімді думанды драма
Антонио де Самораның «Мщение из гроба» пьесасы бойынша Лоренцо да Понтенің либреттосы
Қоюшы дирижер Джузеппе АКУАВИВА
Дирижер Руслан БАЙМУРЗИН
Қоюшы режиссер Алла СИМОНИШВИЛИ
Режиссер Гүлсара МЕЙРАМБЕКОВА
Кеңесші суретші Манана ГУНИА
Бас хормейстер Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Вокал бойынша коучтар Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Коуч-концертмейстерлер Дина МИРМАНОВА, Зарина БИМЕНДИНОВА
Моцарттың «Дон Жуан» операсының негізінде адуынды да батыл, нәзік жандылардың жүрегін оңай жаулап алатын еліктіргіш жан туралы аңыз жатыр. Осы сюжетке көптеген ұлы жазушылар мен композиторлар жүгінген. Бас кейіпкердің бейнелері ғана өзгеріп отырған, кей кезде ол ең соңында лайықты жазасын алатын қылмыскер және дөрекі зұлым ретінде сипатталды. Бірақ кейде авторлар Дон Жуанның мүлдем басқа қырын оның ептілігі, тапқырлығы, тартымдылығы мен ерлігін атап өткен.
Композитордың өзі шығарманы қайғы мен күлкі, тұрмыс пен салтанаттылық ерекше әсемдікпен тоғысатын көңілді драма деп атаған. Опера мәнерлі вокалды нөмірлерге, киім ауыстыратын дәстүрлі көріністерге толы, тіпті қатерлі жаза да бар. Дон Жуан біздің алдымызда батыл, сүйкімді және өте жігерлі кейіпкер ретінде көрініс табатын болады. Моцартқа дейін мұндай айрықша құштарлыққа толы күлкілі опералар болған жоқ.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Дон Жуан Мунхтувшин ХОРОЛГАРАФ/ Сұлтан БАҚЫТЖАН
Донна Анна Асылзат НҰҒЫМАНОВА / Сара САДЫҒҰЛОВА
Донна Эльвира Дильназ ОМАРХАНОВА / Рузиля ТЮМЕНЦЕВА
Командор Шыңғыс РАСЫЛХАН
Дон Оттавио Белял ҚУАНЫШ / Абылай БЕКЕН
Лепорелло Ержан САИПОВ
Мазетто Жандарбек ЕРКІНБАЕВ
Церлина Василиса САВКИНА/Назым САҒЫНТАЙ
ASTANA OPERA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ
Ұзақтығы 2 сағат 40 минут (бір үзіліспен)
Итальян тілінде орындалады
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)
Күні
17-18 сәуір 2025 жыл
Уақыты
19: 00
Ұзақтығы
2 сағат 40 минут (бір үзіліспен)
Жас шектеуі
10+
Қосымша
итальян тілінде орындалады
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 17СәуірБейсAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸
- 18СәуірЖұмAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸