Scorpions в Алматы

«Сен үшін, Қазақстаным!»

2021 / 2022 Үлкен зал ІХ маусым

27 қараша * сенбі * 18.00

Концерт

«Сен үшін, Қазақстаным!»
Мария Мудряк

(Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай)

        

Театрдың Үлкен залында өтетін танымал опера әншісі Мария Мудряктың
«Сен үшін, Қазақстаным!» жеке концерті Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.
Сондай-ақ мерекелік бағдарламаға баритон Владимир Стоянов (Болгария)
пен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысады. Дирижер –
Альвизе Казеллати (Италия).
Кеште Дж.Россини, Дж.Верди, Ш.Гуноның операларынан ариялар, дуэттер
мен көріністер, Э.де Куртис, Л.Хамиди және т.б. композиторлардың әндері
шырқалады.
Мария Мудряк – қазақстандық опера әншісі, колоратуралық сопрано иесі.
«Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша миландық Жоғары музыка
академиясында білім алған, сонымен қатар Дж.Верди атындағы мемлекеттік
консерваторияны сәтті тамамдаған, магистр. Халықаралық байқаулардың, оның
ішінде Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық вокалистер байқауының
лауреаты (2017).
Флоренциялық Maggio Musicale Fiorentino, Қытайдағы Шэньси Үлкен
театры, Генуядағы Карло Феличе, Неапольдегі Сан-Карло, Мәскеудегі Үлкен театр,
Палермодағы Массимо театры, Арена-ди-Верона, Берлиндегі Неміс операсы,
Мельбурн операсы сынды әйгілі сахналарында өнер көрсетіп танылған әнші қысқа
уақыт ішінде өз заманының сұранысқа ие колоратуралық сопраносы атанды.
Риккардо Мути, Даниэль Орен, Карло Рицци, Массимо Дзанетти, Пласидо
Доминго тәрізді әйгілі дирижерлермен ынтымақтастықта жұмыс жасаған.
2015 жылдың қаңтарынан бастап – «Астана Опера» театрының солисі.
Әншінің репертуарында әлемдік опера классикасының жетекші партиялары бар.
Владимир Стоянов – әлемдік танымалдыққа ие болған атақты болгар
әншілерінің бірі.
Софиядағы Ұлттық музыка академиясын тамамдап, Бургас опера театрының
сахнасында дебюті орын алды, сонымен қатар Миландағы Ла Скала, Венадағы
Стаатсопер, Нью-Йорктегі Метрополитен, Цюрихтегі Опернхауз сынды әлемге
әйгілі театрларда, сондай-ақ Токио мен Мәскеу театрларында өнер көрсеткен.
Зубин Мета, Серий Оцава, Даниель Орен, Риккардо Мути, Марко Армильято және
т.б. атақты дирижерлермен, Франко Дзеффирелли, Пьер Луиджи Пицци,
Стефан Херхейм, Арно Бернар сынды режиссерлермен ынтымақтастықта жұмыс
атқарған.

Дж.Вердидің «Травиата» (Жорж Жермон), «Отелло» (Яго), «Дон Карлос»
(Родриго) операларындағы партияларда жарқырай өнер көрсеткен.

Альвизе Казеллати – италиялық дирижер. Падуя консерваториясын скрипка
сыныбы бойынша тамамдап, музыкалық білімін заң мамандығымен үйлестірді,
Колумбия университетінің магистрі. Нью-Йорктегі Джульярд мектебінде оркестрге
дирижерлік ету сыныбында оқыды. Венециялық Ла Фениче театрында дебют
жасаған.
Италияның ірі опера театрларымен ынтымақтастық орнатып,
«Флоренциялық музыкалық мамыр» фестивалі және Санта-Чечилия
академиясының оркестрлері, Италия қалаларының симфониялық оркестрлері,
сондай-ақ Шанхай филармониялық оркестрі, Орталық саябақтың симфониялық
оркестрі (Нью-Йорк), «Киев виртуоздары» оркестрі және т.б. ұжымдармен бірге
өнер көрсеткен. Италия қалалары, сонымен қатар Братислава (Словакия),
Картахена (Испания), Любляна (Словения), Габаладағы (Әзірбайжан) көптеген
музыкалық фестивальдердің; Mittelfest және «Балтық музыкалық маусымдары»
фестивальдерінің шақырылған дирижері.
Нью-Йорктегі Opera Italiana is in the Air жобасының негізін қалаушы әрі
музыкалық жетекшісі, шараның басты міндеті – жас тыңдаушыларды италиялық
опера мұрасына баулу.
2019/2020 маусымда «Зарядье» концерт залында П.И.Чайковский атындағы
Мемлекеттік академиялық Үлкен симфониялық оркестріне, сондай-ақ Мариин
театрындағы Дж.Вердидің «Набукко» операсының концерттік орындалуына
дирижерлік етті.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Мария Мудряк (сопрано, Қазақстан)
Владимир Стоянов (баритон, Болгария)
«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі
Дирижер – Альвизе Казеллати (Италия)

БАҒДАРЛАМА:


Е. Рахмадиев. «Құдаша-думан» симфониялық күйі
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрі.
Дирижер – Альвизе КАЗЕЛЛАТИ (Италия)
Л. Хамиди, сөзін жазған – С. Мұқанов. «Қазақ вальсі».
Mария МУДРЯК
Дж.Верди. «Трубадур» операсынан Леонораның ариясы мен кабалеттасы.

Мария МУДРЯК
Дж.Верди. «Травиата» операсынан Жермонның ариясы.
Владимир СТОЯНОВ (Болгария)
Ш.Гуно. «Фауст» операсынан Маргаританың ариясы.
Mария МУДРЯК
Дж.Верди. «Травиата» операсынан прелюдия.
Симфониялық оркестр
Дж.Верди. «Сицилиялық кешкілік» операсынан Еленаның болеросы.
Mария МУДРЯК
Дж.Верди. «Макбет» операсынан Макбеттің ариясы.
Владимир СТОЯНОВ
Дж.Верди. «Сицилиялық кешкілік» операсына увертюра.
Симфониялық оркестр
Ш.Гуно. «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульеттаның вальсі.
Mария МУДРЯК
Дж.Россини. «Вильгельм Телль» операсына увертюра.
Симфониялық оркестр
Э. де Куртис. Non ti scordar di me.
Mария МУДРЯК
Дж.Верди. «Риголетто» операсынан Риголеттоның ариясы.
Владимир СТОЯНОВ
Дж.Верди. «Риголетто» операсынан Джильда мен Риголеттоның дуэті.
Mария МУДРЯК және Владимир СТОЯНОВ

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады