ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Далер Назаров Алматыда

Далер Назаров Алматыда

Сипаттама

Далер Назаров - Шығыс музыкасының аты аңызға айналған теңдессіз әртісі. Оның шығармашылығы әрқашан, әр уақытта болып келген сияқты. Далердің туындылары - Азия халықтарының сан ғасырлық мәдениетінің тарихы, олар Памир таулары мен көне алқаптардың әндері деп танылады.

Оның әндерінде бір мезгілде парсы әдебиетінің классикалық поэзиясы, ежелгі дәстүр мен заманауи дыбысты және, әрине, музыканттың өзінің шексіз жанын біріктіретін жан-жақты музыка үйлеседі.

Бәлкім, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға жол тартып, Далер Назаровтың әуендерін жергілікті ансамбльдердің орындауынан осы мекендердің ана тілінде міндетті түрде естуіңіз де содан болар. Бүгінде ол Тәжікстанның ғана емес, Орталық Азия атауын жамылған орасан зор аймақтың да бірнеше буынның пір тұтары, кумирі болып табылады.

Далер ұзақ уақыт бойы даңқ шыңында болып келіп, бір сәтте сахнадан кетіп қалды. Дегенмен, бұл сөз шындықпен оншалықты жанаспайды. Далер кенеттен жай ғана жұртшылық алдында өнер көрсетуін тоқтатқан еді. Кейінірек сұхбатында ол сахнадан кетуін былай түсіндіреді: «Мен ешқашан да жұлдыз болғым келмеген, келмейді де. Мені көбінесе зерттеу жұмысы қызықтырады: фольклорды жинау, оны жүйелеу және сан алуан тәжірибе жасау. Мені түсінсе, мен бір адамға ғана сағаттап ән айта аламын».

Ендігіде біз оның таңғажайып дарыны мен шеберлігін жанды орындауында тамашалай аламыз, Алматының төрінде Далер Назаров Үлкен концерттік тур аясында жалғыз ғана концерт бермек.

Бүгінгі таңда Далер Назаровтың концерті деген ұғым өте сирек кездесетін дүние. Бұл ежелгі және заманауи парсы мәдениетінің тереңіне ең қарапайым жолмен бойлау мүмкіндігі, себебі музыканың көркем тілі әр тыңдаушының жүрегінде түсінік таба біледі. Концертінде музыкант ата-бабалары бір-біріне аса ұқыптылықпен жеткізген Тәжікстан тарихына сыр шертеді. Ойдан шығарылмаған, уақыттан тыс өмір сүрген және ғасырлардан бері сізбен осы кездесуге ұмтылған шынайы махаббат сезімі.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Достық даңғылы, 56, Республика сарайы

  • Күні

    13 сәуір 2024

  • Басталуы

    19:00

  • Автотұрақ

    Бар

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 2
    Қыркүйек
    Дүй
    Республика Сарайы
    13.04.24 - Далер Назаров
    бастап 8000
    бастап 8000