
Богема
Сипаттама
Джакомо Пуччини
«БОГЕМА»
4 бөлімді опера
Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)
Ұзақтығы 2 сағат 30 минут (екі үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Богема» сюжетін композитор танымал француз жазушысы Анри Мюрженің «Богема өмірінен көріністер» шығармасынан алған. Пуччини «Богеманың» музыкасын сегіз ай ішінде жазған. Опера премьерасы 1896 жылдың 1 ақпанында Туриндегі Teatro Regio сахнасында, 28 жасар Артуро Тосканинидің басшылық етуімен өтті. Кейін «Богема» барша әлем сханасын жаулап алды.
«Богема» стилі мен рухы бойынша француздық деуге болатын, таңқаларлық нәзік сезіммен ерекшеленетін италиялық опера. Ондағы оқиға Париждің Латын кварталында Рождество қарсаңында өрбиді. Опера кейіпкерлерінің бәрі жастар. Бұлар кедей зиялы қауым: ақын Рудольф, суретші Марсель, музыкант Шонар және философ Коллен. Өмірлерінің серігіне айналған мұқтаждыққа қарамастан, олар еңселерін түсірмей, қиындықтарды әзілмен қарсы алады. Күнделікті өмірлері қуаныш пен поэзияға, достық пен махаббатқа толы.
Көрші тұратын тігінші қыз Мимимен болған кездейсоқ кездесу Рудольфтің жүрегінде махаббат сезімін оятады. Мими де оған жылы жауап қайырады. Бірақ жастардың бақыттары ұзаққа созылмайды Рудольф пен Мими ажырасады: Мими өкпе ауруына шалдыққан, ал Рудольфтің үйі сыз татқан әрі суық. Көктем соңында Мими Рудольфқа қайтып оралады. Өмірдің заңы солай, тіпті ең таза әрі нәзік, қорғаусыздардың өзі өлімге бұйырады.
Режиссер Андреа Бернард Дж.Пуччинидің «Богема» операсының жаңа сахналық редакциясын ұсынады. Екі деңгейлі ғаламат декорациялар, сахна төріне шығатын поезд және маэстро Эцио Фриджерионың өзге де жаңашылдықтары, сонымен қатар мереке көрінісінде кәсіби цирк әртістерінің қатысуы жас өнерпаздардың бізге таныс оқиғасын түрлендіріп, танымастай етеді.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Мими Бибігүл ЖАНҰЗАҚ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері/
Мәдина ИСЛАМОВА
Рудольф Жан ТАПИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Артур ҒАБДИЕВ
Мюзетта Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Елена ГАНЖА
Марсель Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ
Коллен Шыңғыс РАСЫЛХАН/
Болат ЕСІМХАНОВ
Шонар Ержан САИПОВ
Альциндор Болат ЕСІМХАНОВ/
Шыңғыс РАСЫЛХАН
Бенуа Талғат ҒАЛЕЕВ /
Сұлтан БАҚЫТЖАН
Парпиньоль Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ/
Талғат АЛЛАБИРИНОВ
Кеден сержанты Нұрлыбек ҚОСПАРМАҚОВ
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, МИМАНСЫ, БАЛАЛАР ХОРЫ
Қоюшы режиссер Андреа Бернард
Қоюшы дирижер Джузеппе Акуавива
Дирижер Элмар Бөрібаев
Қоюшы сценограф Эцио Фриджерио
Костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино
Бас хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Опера труппасының директоры Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Проекциялар бойынша дизайнер Серджио Металли
Жарық бойынша суретші Винченцо Рапони
Қоюшы режиссердің ассистенттері Еренбақ Тойкенов, Текла Гуччи
Қоюшы сценографтың ассистенті Риккардо Масирони
Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері Даниэль Бутар, Анна Верде
Балалар студиясының хормейстерлері Алтынғаным Ахметова, Әйгерім Макибаева
Спектакльді жүргізуші режиссерлер Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова, Мәнсия Естекова
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)
Күні
2025 жылғы 5-6 сәуір
Уақыты
18: 00
Ұзақтығы
2 сағат 30 минут (екі үзіліспен)
Жас шектеуі
10+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 5СәуірСенбAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸
- 6СәуірЖексAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸