BN Team Orchestra «The World's Best Music» Астана қаласында

 

BN Team Orchestra камералық ансамблінің авторлық орындауындағы «The World’s Best Music» жаңа бағдарламасын ұсынуға қуаныштымыз.

Жаңа әрі жарқын театрдың салтанатты атмосферасында Ennio Morriconne, John Williams, Ludovico Einaudi, Joe Hisaishi, Hans Zimmer және басқа да әлемдік композиторлардың жауһарлары қиылысқан жаңа бірегей бағдарламадан ләззат ала аласыздар. 

Оған қоса, «Бриджертоны», «Титаник», «Дом Дракона», «Ла-Ла Ленд», «Амели» сияқты әйгілі кинотуындылардың саундтректері камералық ансамблдің жанды орындауында ұсынылмақ. 

Бұл кеш сіздерге әсем әуен әлеміне ұмытылмас саяхат сыйлары анық!

Мүлдем жаңа сезімдерге бөленуге дайынсыздар ма?