ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Астана
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
БІЗГЕ 25!

БІЗГЕ 25!

Сипаттама

Қазақ өнерінің дархандығы, қоғам тынысы мен сезімнің сұлулығы. Мұның барлығы да сазгер Илья Жақановтың сырлы әндерінің бойынан табылды.

Қазақтың ұлы даласын ән мен күйге бөлеген Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы, Ықылас, кешегі Шәмші мен Нұрғиса сияқты өнер дүлдүлдерінің қасиетті жолын үзбей жалғастырып келе жатқан қазақтың айтулы саз зергері Илья Жақанов 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, қазіргі Ақтоғай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

1959 1963 жж. «Қазақстан пионері» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1963 1984 жж. Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметін атқарған. 1984 жылдан бастап шығармашылық жұмыстарын бастады.

«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1990); «Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» (1994); Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі (1997), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998), Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері (1997).

Концертке Қазақ оркестрі, «Қорқыт» этно ансамблі, эстарадалық, классикалық вокал ,халық ән бөлімінің әншілері және «Шалқыма» халық би ансамблі қатысады. Сонымен қатар кештің шақырылған қонағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайыржан Бердібай.

Автордың ауқымы кең, қалыпқа сыймайтын құны жоғары қазына-шығармалары «Еділ мен Жайық», «Жайлаукөл кештері», «Асылым», «Ақ қайың», «Меңді қыз», «Әселім, жаным», «Оралдың ерке самалы» сияқты және өзге де әндері орындалады.

Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор - Айтқали Жайымов.

Эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Арайлым Рахым.

Классикалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Роза Шотқалиева.

Халық ән бөлімінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Тельман Нүркенов.

«Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек.

«Шалқыма» халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, Құрмет орденінің иегері - Абдрасул Есекеев

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК

  • Күні

    11 мамыр 2024 жыл

  • Басталуы

    18:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут 

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз