Ақшақар мен жеті ергежейлі

Ағайынды Гриммдердің аттас ертегісінің желісі бойынша либретто авторы – Дюла Харангозо

Премьерасы «Эстония» ұлттық операсында 2008 жылғы 1 ақпанда өтті

«Астана Опера» театрындағы премьерасы – 2021 жылғы 19, 20 қараша

Венгр мемлекеттік операсының қойылымы

Венгриялық композитор Тибор Кочак және хореограф Дюла Харангозомен жазылған «Ақшақар мен жеті ергежейлі» балеті оның авторларына әлемдік атақ әкелді. Спектакль 120 рет Венгр мемлекеттік операсында, «Эркель» театры мен Сегед қаласында ашық аспан астындағы фестивальде көрсетілді. Бұл – Эстония, Ресей, Финляндия, Австралия, Гонконг, Макао сынды елдерде Венгрияның ұлттық мәдениетін сәтті паш етіп жүрген заманымыздың анағұрлым жиі сахналанатын балеттерінің бірі. 

Ағайынды Гриммдердің «Ақшақар мен жеті ергежейлі» ертегісін білмейтін бала жоқтың қасы. Ол – жетім ханшайым мен үнемі айнадан «әлемдегі ең сұлу кім?» деп сұрайтын оның зұлым өгей шешесі туралы оқиға. Бойжеткен Ақшақарға деген қызғаныш патшайымды қастандыққа итермелейді – ол қызметшісіне қызды орманға апарып өлтіруді бұйырады, алайда ханшайым ергежейлілердің үйінде жасырынып үлгереді. Ақшақарды өгей шешенің қудалауынан кім және қалай құтқаратынын кішкентай көрермендер (сондай-ақ үлкендер де) жақсылық пен жамандық, сенгіштік, кіршіксіз әрі шынайы махаббат туралы баяндайтын осынау балет-ертегіден білетін болады.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ақшақар –     Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                            Аделина ТӨЛЕПОВА

Ханзада –       Данияр ЖҰМАТАЕВ / Айдан ҚАЛЖАН (дебют)

Патшайым –  Еркежан ЖҮНІСОВА /

                       Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                       Амина КИСЕМБАЕВА (дебют)

Аңшы –          Жақсылық САУҚЫМБЕКОВ (дебют) / Олжас ТАРЛАНОВ

Мыстан –       Қуат КӘРІБАЕВ / Сұңғат ҚЫДЫРБАЙ

ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:

Аңқау – Бейбарыс АҚАРЫС / Сұлтанбек ҒҰМАР / Бостан ҚОЖАБЕКОВ (дебют)

Көңілді – Нима ТОКОВ / Руслан ҚАНАҒАТ (дебют) / Ерсұлтан ТОЙГУЛОВ (дебют)

Ақылды –       Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ / Олжас МАХАНБЕТӘЛИЕВ

Ұрысқақ –      Бақытжан ТАЛҒАТҰЛЫ / Қуат КӘРІБАЕВ

Түшкіргіш –   Олжас ӘНУАРБЕК / Александр КОРНИЛОВ (дебют)

Ұйқышыл –    Жаннар НАРЫНБЕКОВ / Асқар САРЖАНОВ

Кішіпейіл –    Абзал НҰРМАХАН / Санжар ӘУБӘКІРОВ

ЖЫН-ПЕРІЛЕР:

Күлгін –         Әмина МҰСТАФАЕВА / Мао СУДО

Жасыл –         Жұлдыз ЖҰМАЖАНОВА / Айжан ҚАЖЫБАЕВА (дебют)

Қызыл –         Диана ЕСҚАЛИЕВА / Вега Камар ИКБАЛОВА (дебют)

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы хореограф – Дюла Харангозо

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Сценограф – Кентавр

Костюмдер бойынша суретші – Рита Велих

Жарық бойынша суретші – Михаил Епанчин

Қоюшы хореографтың ассистенті – Бланка Файт

Сценографтың ассистенті – Питер Халаш Г.

Тәлімгер ұстаздар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков, Ғалия Бегалина, Дамира Зайнуллина, Николай Коршунов

Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

Балет труппасының көркемдік жетекшісі–

Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Ескеруді сұраймыз: спектакльге көгершін қатыстырылады