rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Ән еркесі

Билет сатып алу

27 Сәуір күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының халық ән бөлімінің Жүсіпбек Елебековтың 120 жылдығына арналған «Ән еркесі» атты концерті өтеді.

Жүсіпбек Елебеков 1904 жылы Қарағанды облысында туған. Әнші (тенор), Қазақстанның халық әртісі. Ж.Елебеков репертуары негізінен халықтың және халық композиторларының музыкалық құрылысы мен тілі күрделі, сыршыл әндерінен ("Ардақ", "Ағаш аяқ", "Айтбай", "Жамбас сипар", "Жиырма бес", "Қанатталды", "Құлагер", "Сегіз аяқ", "Сұржекей", т.б.) тұрады. Ол орындайтын әндерінен аса ұқыптылық, суреткерлік талғаммен қарайтын лирик әнші. Ән әуенінің терең сырын ашып, бояуын құлпырта түседі, домбра сүймелімен образ жасайды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде (1936, 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен барлық республикаларда, Қытай Халық Республикасында (1950, 1955), Моңғол Халық Республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды.

Концертке катысушылар:  ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Гүлзира Бөкейхан, Мәдениет саласының үздіктері Секен Сыздықов, Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Тельман Нүркенов, Данияр Мұқан, Әйгерім Нартүйе. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Айнұр Қонысбаева, Жақсыкелді Маясаров, Жандос Иманбай, Зинат Қасымова, Нұржан Мейірхан, Рахат Бегасилов, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «ҚОРҚЫТ» этно ансамблі өнер көрсетеді.

Халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Телман Нүркенов. Қорқыт этно ансамблінің көркемдік жектекшісі- ҚР Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек Ұлт жауқарына айналған жақұт әндер шырқалатын рухани кеште, талғамы биік, танымы мол көрермендер мен қолдаушыларды асыға күтеміз.