Jullien Dassin

Ән базары - Қараөткел

Өтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы МАФ концерт залы.

Күні: 2022 жылғы 1 қазан

Басталуы: 19:00

Әртістер: Гүлмира Сарина, Айгүл Қосанова, Секен Сыздықов, Нұрай Танабаев,  Ұлағат Шалғынбекұлы, Жандос Иманбай, Бауыржан Нұрмұханов, Берік Омаров, Қуатова Жанель, Жақсыгелді Маясаров, Данияр Мұқан, Арафат Ысқақов, Бейбіт Мұсаев, Тельман Нұркенов, Өзгеріс Шерікбай, Сәулежан Тағзия, Елбол Қуанбек, Нұржан Мейрхан, Айгерим Нартүйе және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі.

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жанр: тарихи-музыкалық кеш

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

Қараөткел – аты аңыз мекен. Бұл сауда орталығы елорда филармониясының заманауи ғимаратының орнында орналасқан болатын. Ауқымды жәрмеңке елдің түкпір-түкпірінен келген саудагерлер алаңы бола тұрып, өнер сахнасына айналған.

Мұнда қалың жұртшылық белгілі әншілерді тыңдауға жиналатын: Иманжүсіп, Ғазиз, Сәтмағамбет, Қарақас, Қапаш, Исабай, Қосымжан сонымен қатар, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ сынды өнерпаздар әйгілі туындыларын орындаған. Осындай кештердің  танымалдылығы туралы Ахмет Жұбанов «Замана бұлбұлдары» кітабында жазған.

1 қазан күні көрермендеріміз үшін дүркін жәрмеңке қайта жаңғырады,  баға жетпес ұлттық мұраның інжу-маржан шығармаларын замандас өнерпаздарымыз тыңдармандарға паш етеді.

Филармония әртістері қазақтың рухани мәдениетінің қоймасына ұқыптылық таныта отырып, дәстүрлі музыка өнерінің түрлі салаларын ұсынады.

Тарихи-музыкалық кеш бағдарламасында «Сүржелгенше», «Ғазиздің әні», Майра Шамсутдинованың «Майра» туындылары шырқалады.

Концертте «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі және филармония солистері: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлмира Сарина, Айгүл Қосанова; Мәдениет қайраткері Секен Сыздықов; Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев; халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ұлағат Шалғынбекұлы, Жандос Иманбай, Бауыржан Нұрмұханов, Берік Омаров, Қуатова Жанель, Жақсыгелді Маясаров, Данияр Мұқан, Арафат Ысқақов, Бейбіт Мұсаев, Тельман Нұркенов, Өзгеріс Шерікбай, Сәулежан Тағзия өнер көрсетеді.

Халық әні бөлімінің солистерінің репертуарында қазақ халқының халықтық және халықтық-кәсіби әндерінің алтын қоры түгелдей дерлік бар. Тыңдаушылар мен сыншылар әншілердің вокалдық қабілеті мен импровизациялық еркіндігін үнемі атап өтеді.

Өнерпаздар ең бай ән репертуарының музыкалық-стильдік ерекшеліктерін жеткізуге ұмтылады. Олардың әрқайсысы даралығымен жарқын музыкалық әуен тудырды. Филармонияның халық әні бөлімін Тельман Нұркенов басқарады. «Шалқыма» халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, мәдениет қайраткері Абдурасул Есекеев; «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Тоғжан Жахин.